Назарбаев Ресейдегі ең ауқатты олигарх Чигиринскийдің вилласы үшін жарты миллиард доллар ұсынды
Фото: ашық дереккөздерден
Ресейдің ең ауқатты олигархтарының бірі Шалва Чигиринский Нұрсұлтан Назарбаев оның Францияның оңтүстігіндегі зәулім вилласын алу үшін жарты миллиард доллар ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Чигиринский Юрий Дудьке берген сұхбатында Ресейде бизнесінен айырылғаннан кейін ол қымбат жылжымайтын мүлкін сатуға мәжбүр болғанын айтты. Нәтижесінде вилланы «Газпромнефть» 70 миллион долларға сатып алған. Алайда өзге сатып алушылар бұл нысан үшін жарты миллиард долларға дейін ұсынған.
«Маған Назарбаевтың адамдары келді. Олар оған Францияның оңтүстігінен жазғы резиденция іздеп жүрген. Міндетті түрде тікұшақ қонатын алаң, екі бассейн, көп жатын бөлме қажет деп айтты. Мұндай талаптарға сай вилла жоқтың қасы, ал бұл нысан Монакоға жақын жерде орналасқан. Үлкен ішкі бассейн, сыртта тағы біреуі, қонақ үйі бөлек, оның да өз бассейні бар. 3,5 гектар аумақта орналасқан. Тіпті бомбаға қарсы қоймасы болған, мен оны шарап жертөлесіне айналдырғанмын», – деді Чигиринский.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев бар дәулеті 1–2 миллиард доллар көлемінде бағаланатын санаулы бұрынғы мемлекет басшыларының бірі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық