Назарбаев пен оның отбасының артықшылықтары: иммунитет, өмір бойы қорғау және сақтандыру
Қазақстанда сонау 2000 жылы Назарбаев және оның отбасына толық иммунитетке кепілдік беретін «ҚР Тұңғыш Президенті туралы» конституциялық заң қабылданған.
Иммунитет: Елбасы жауапқа тартылмайды
«ҚР Тұңғыш Президенті туралы» Заңда Елбасының иммунитеті бар және ол Қазақстан президенті болған кездегі әрекеттеріне жауап бермейтіні айтылған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Сонымен қатар, ҚР тұңғыш президенті – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығындағы барлық мүлікке қол сұғылмайды.
Мүлікке тұрғын үй және қызметтік үй-жайлар, қызметтік көліктер, байланыс құралдары, хат-хабарлар, оларға тиесілі құжаттар жатады. Иммунитет ҚР тұңғыш президенті – Елбасының қорына және ол құрған өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қатысты.
Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке меншігіндегі мүлікке, сондай-ақ ол құрған заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қоюға болмайды.
Тұңғыш президент пен оның отбасына да банктік құпияға және банк шоттарына қол сұғылмауға кепілдік беріледі.
Назарбаев пен оның отбасын өмір бойы қорғау
ҚР тұңғыш президенті – Елбасын қорғау ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктелді.
Тұңғыш президент тұрақты немесе уақытша тұратын жерінде өмір бойы мемлекеттік қорғауға алынады.
Мемлекеттiк қорғау ҚР тұңғыш президентiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруын тоқтатқан кейін де онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне де қамтамасыз етiледi.
Назарбаевтың өмірі мен денсаулығы сақтандырылған
Өкілеттігін жүзеге асыруды тоқтатқан ҚР тұңғыш президенті – Елбасы жасына қарамастан Қазақстан президентінің айлық лауазымдық жалақысының 80 пайызы мөлшерінде ай сайынғы зейнетақы алуға құқылы. Елбасының зейнетақысы ел президентінің лауазымдық жалақысының өсуін ескере отырып өсіріледі.
Өкiлеттiгiн жүзеге асыруды тоқтатқан тұңғыш президенттiң өмiрi мен денсаулығы Қазақстан президентiнiң жыл сайынғы лауазымдық жалақысына тең мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi мемлекеттiк сақтандыруға жатады.
Онымен бірге тұрған Елбасы отбасының әрбір мүшесіне ол қайтыс болған күні ҚР заңнамасында белгіленген жасына байланысты ең төменгі зейнетақының 10 еселенген мөлшерінде өмір бойына ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады.
Сонымен қатар, Елбасы мен оның отбасы мүшелері бірінші президент мемлекет басшысы қызметін тоқтатқан кезде көрсетілген көлемде және түрдегі тегін медициналық көмек пен санаториялық-курорттық емделуге құқылы.
Назарбаевтың шығынын кім төлейді?
Конституциялық заңда көзделген шығыстарды қаржыландыру, оның ішінде қорды толықтыру мен күтіп-ұстауға және оның үй-жайларын күзетуге, ҚР тұңғыш президентінің жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға қаражат республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Нұрсұлтан Назарбаевқа және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тұрғын үй, емдеу, санаторий-курорттық, көлік және басқа да қызметтерді уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық