«Назарбаев қоры» өз қызметі туралы мәлімдеме жасады
Фото: ТАСС / Алексей Никольский
Жақында кейбір интернет-басылымдардағы жарияланымдарға байланысты Назарбаев қоры мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеге сәйкес:
Қорды ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы 3 желтоқсанда заңды тұлға ретінде тіркеген. Ол «Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы» заң, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Заңға сәйкес, қор «тек «Назарбаев Университеті» және «Назарбаев Зияткерлік мектептері», сондай-ақ олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыру мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Жарғыға сәйкес қор қызметі дербестік, өзін-өзі басқару, алқалы шешімдер қабылдау, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық қағидаттарына негізделген. Осы уақытқа дейін қор Назарбаев Университетін 20 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландырған.
Білім беру саласында коммерциялық емес қызметті жүзеге асыратын Қор дербес құқық қабілеттілігі бар, құрылтайшыдан және өзге де үшінші тұлғалардан тәуелсіз мәртебесі бар, құрылтайшының қарыздары мен міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өз мүлкін дербес басқарады. Қордың демеушілерден/донорлардан алған жарналары қайтарылмайды.
Инвестициялық саясатқа сәйкес, қамқоршылық кеңестің шешімімен қорды Pioneer Capital Invest (PCI) инвестициялық компаниясы қаржыландырды.
2018 жылы Ұлттық қордың осы қаражатын ҚР үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, «Қазақстанның тұрақты даму қоры» АҚ және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ арасындағы негіздемелік келісім негізінде «Цесна Банк» АҚ (2018 ж) және «АТФ Банк» АҚ (2020 ж) қосымша капиталдандырылған.
Жоғарыда аталған банктер PCI-мен біртұтас «Jusan Банк» АҚ-ға біріктірілді, портфельдерді тазарту, қарыздарды қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілді. РСІ қызметінен және оның активтерінің өсуінен түскен барлық пайда Назарбаев Университеті және Назарбаев зияткерлік мектебін қаржыландыру қорына бағытталады. Бұл бастапқыда жоспарланғандай оларды мемлекеттік бюджеттен ұстауға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, қордың қызметі Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған. Ол халықаралық аудиторлық компаниялардың есептерімен расталады және Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес келеді.
«Назарбаев қоры» өз қызметі туралы қате ақпарат тараған жағдайда, мүддесін құқықтық салада қорғауға құқылы екенін еске салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық