Назарбаев халыққа емес, өзіне өкпелесін – жазушы Нұржекеев
Жазушы Бексұлтан Нұржекеев экс-президентті «халықтың байлығын өзіне бермеді, президенттіктен кетсе де, биліктен кетпей, отырып алды» деп сынады.
Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.
– Нұрсұлтан Назарбаевты Теміртау қаласында жұмыс істеген кезінен танимын. Ол туралы бірнеше мақала да жаздым. Назарбаевтың Қазақстан шекарасын бекіткенін, еліміздің солтүстігіне астананы апарғанын жоққа шығара алмаймыз.
Бірақ өзі мен отбасы, төңірегі ашкөздік жасады. Назарбаевтың Вашингтон, Ататүрік сияқты тарихта қалуға мүмкіндігі болды, бірақ пайдалана алмады. Ол үшін халыққа емес, өзіне ренжуі керек. Сондықтан халықтың бетіне тура қарай алмайды. «Халық үшін күн-түні ұйықтамадым» деп айта алмайды.
Қонаев қызметінен босатылған соң үстінен қылмыстық іс қозғамақ болып тексеріп, ештеңе шығара алмады. Қылмысы болса Қонаевты қамайтын еді. Бұл – адалдықтың, кіршіксіз тазалықтың, елге ғана қызмет істегендіктің белгісі. Қонаевтың қолы таза болды. Ол кісі қызметтен кеткеннен кейін де барып, сәлемдестім. Қарапайымдығы мен сыпайылығына, мәдениетіне қатты таң қалдым, – дейді Бексұлтан Нұржекеев.
«Зейнеткер Назарбаевқа барар ма едіңіз?» деген сұраққа «қайда екенін білмеймін, Қазақстаннан кетіп қалған сияқты. Шақырса барар едім, неге сөйлеспеске?» деп жауап беріпті жазушы.
Еске салсақ, бұған дейі Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиге ұшып кеткені туралы ақпарат шықты.
Бұған дейін, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира қамауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық