Назарбаев Nur Otan партиясының жаңа төрағасы туралы пікір білдірді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезіне қатысты.
Elbasy.kz сайты хабарлағандай, Назарбаев өз сөзінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күш екенін атап өтті.
– Партия әрдайым тұтас қоғамның мүддесін қорғап, Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігімізді сақтауға атсалысып келді. Біз зор табыстарға бірге қол жеткіздік. Ең бастысы Қазақстанның одан әрі дамуына берік негіз қаланды. Осы жүйелі жұмысты жалғастыру маңызды, – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев съездің тарихи мәніне тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының төрағасы етіп сайлау туралы ұсынысын партияластары қолдайтынына сенім білдірді.
– Кейінгі бір жарым жыл ішінде партия жүйелі түрде қайта жаңғырды. Оны толық басқаруды қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсыру бұл процестің соңғы кезеңі деп санаймын. Партиядан президент сайлауына ұсынылған және қолдауына ие болған адам оны басқаруға тиіс. Бүгінде Қазақстан президентінің басшылығымен маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүзеге асуда. Барлық қажетті ресурсы бар «Nur Otan» партиясы оларды орындау барысында сенімді тірек болуы керек, – деді Елбасы.
Қазақстанның Тұңғыш президенті жұртшылық жан-жақты қолдағанда ғана ел тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған ауқымды реформалардан маңызды нәтижелер болатынын айтты.
– Ел бірлігі, тыныштық, тұрақтылық пен келісім барда ұлы мақсаттарға жетуге болатынын әрдайым айтып келемін. Біздің отыз жылдағы тәжірибеміз осыны айқын көрсетті. Бүгінде Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басып отырмыз. Бұл – жаһандық өзгерістер, күрделі әрі жауапты шешімдер кезеңі. Қазақстан жаңа дәуірдің барлық сынағынан сүрінбей өтетініне сенімдімін. Айқын мақсаттар, саяси ерік-жігер, ең бастысы халықтың қолдауы соның кепілі болмақ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі Nur Otan партиясының төрағасы қызметіне кірісті. Бұған дейін бұл орынды еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарған болатын. Ол бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық