Назарбаев «МузАРТ» тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады
Құттықтаулар 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде орай жарияланды.
Марапаттау рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Елбасының «МузАРТ» тобына арнаған құттықтауын оқып берді:
— Сіздерді 20 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын! Табиғи дарын мен талғамның, табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында танымал ұжымға айналу - үлкен жетістік. Шығармашылықтарыңыз дами берсін. Сіздерге зор денсаулық және жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін! - дейді құттықтау сөзінде.
Топ мүшелері де жауап ретінде Елбасына алғысын білдірді: «Құттықтауларыңыз үшін көп рахмет! Жақсы нәтижеге жетіп, мемлекет басшысының марапатын алу біз үшін үлкен мәртебе».
«МузАРТ» тобы 2001 жылы құрылды. Топ мүшелері: Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбілов.
Топ «Шынарым», «Шашбаулым», «Сағындым Алматымды», «Қазақтай ел қайда», сонымен қатар «Үшқоңыр» әндерін орындайды. «Үшқоңыр» әнінің сөзін Нұрсұлтан Назарбаев жазған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық