Назарбаев мінген Mercedes қайта сатылмақ: Көлік иесі не дейді?

cover Фото: Kolesa.kz

Еліміздегі хабарландыру сайттарының бірінде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі 1993 жылы шығарылған Mercedes 600 SEL (Sonderschutz) GUARD B7, 222 миллион теңгеге сатуға қойылды. Мән-жайлы білу үшін Orda.kz көлік иесіне қоңырау шалды.

Mercedes 600 SEL (Sonderschutz) GUARD B7-ні 2023 жылдың тамызында сатуға шығарылды. Бірақ сатып алушылар табылмады. Kolesa.kz сайтындағы хабарландыруға қарасақ, көлік Mercedes-Benz компаниясында Германияда мемлекет басшылары үшін арнайы тапсырыс бойынша шығарылған. Машинада B7 санатты бронды капсула орнатылған, ол оқ пен жарылыстардан қорғайды. Хабарландыруда көліктің тарихи маңыздылығы ерекше атап өтілген:

«Шынайы антиквариат және еліміздің тұтас тарихы!» 

Сонымен қатар, автор пікірінде Mercedes-Benz W140 S600L Guard өз уақытындағы көліктер арасында қауіпсіздік тұрғысынан шоқтығы биік тұрғанын айтты. Басқа компаниялар жетілдірген модельдерден айырмашылығы, зауыт нұсқасы болған Guard бастапқыда қорғаныс қабатымен бірге есепке ала отырып жобаланған.

Осыған ұқсас автомобиль Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзеге жасалған қастандық кезінде оның өмірін сақтап қалған. Сонымен қатар, Владимир Путин пайдаланған осыған ұқсас Mercedes S600 Guard кейіннен 1,3 миллион еуроға жеке тұлғаға сатылды.

Хабарландыруда көрсетілген сипаттамалар:

  • зауыттық қорғаныс капсула;
  • B7 қорғаныс санаты (Калашников автоматынан оқ атса да, көліктің астына 4 келі тротилді жарылыс жасаса да қорғайды);
  • өрт сөндіру жүйесі бар;
  • отын багын қорғау жүйесі, ол оқ өтсе, отынның ағып кетуіне жол бермейді;
  • Continental CTS 265-40 R500 арнайы шиналары, ішкі жақтауы күшейтілген;
  • V12 қозғалтқышы және автоматты қозғалыс қорабы.

Автомобиль шынымен Назарбаевқа тиесілі ме?  

Біз көлік иесімен, яғни өзін Әсет деп таныстырған адаммен байланысқа шықтық. Ол сатылатын көлік шынымен Назарбаевқа тиесілі және барлық құжаттары бар екенін растады. Алайда, көлік бұрын мұражайда болуы мүмкін екендігі туралы сұраққа Әсет былай деп жауап берді:

«Жоқ, бұл көлік музейде болмаған».   

Ал, осындай бірегей артефакт қалайша оның қолына тиген? Әсет қысқаша жауап берді:

«Солай боп тұр ғой!» 

Ол Таразға келіп, көлікті көруге шақырды, бірақ одан әрі комментарий беруден бас тартып, сұрақтардың оғаш екенін айтты.

Бірнеше жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдары 2023 жылдың көктемінде дәл сондай Mercedes Астанадағы бірінші Президент музейінде тұрғанын жазған. Біз мұражай қызметкерлеріне хабарласуға тырыстық, бірақ қоңырауларымызға жауап берген жоқ.

Айта кетейік, 2018 жылы Теміртаудағы бірінші президенттің тарихи-мәдени орталығына да брондалған Mercedes-Benz табысталған болатын. Алайда, ол көлік 2005 жылы шығарылған.

Сатушының «ысқырығы жер жарған» мәлімдемелеріне қарамастан, бұл көліктің шын мәнінде Қазақстанның тұңғыш Президентіне тиесілі екені жайлы ресми ақпараттар жоқ.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар