Назарбаев: ұлы миссия біздің буынға бұйырғанын мақтан тұтамын
Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рәсімге қатысушыларды Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтап, бұл айтулы мереке ел жетістіктерінің жарқын символы екеніне назар аударды.
– Қазақстан осы жылдар ішінде халқымыздың игілігі жолында ауқымды мақсаттарға ұмтылды. Біз еліміздің әлемде лайықты орын алып, мәртебелі мемлекетке айналуы үшін аянбай еңбек еттік. Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманын ақиқатқа айналдыру ұлы миссиясы біздің буынға бұйырғанын мақтан тұтамын. Бүгін президент жарлығымен бір топ азамат марапатталды. Соның ішінде сіздер де барсыздар. Тәуелсіздік күні қарсаңында бұл наградаларды тапсыру мен үшін үлкен мәртебе. Сіздер Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне зор үлес қосып жүрсіздер, – деді Елбасы.
Іс-шара барысында мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ бизнес қоғамдастығы өкілдері марапатталды.
Қазақстанның тұңғыш президенті «ВТБ Банкі» президенті – басқарма төрағасы Андрей Костиннің Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын нығайту ісіндегі және екі елдің интеграциялық үдерістері аясында инвестиция-банк секторын дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттігіне тоқталып, бұл процестегі бизнес өкілдерінің айрықша рөліне мән берді.
Елбасы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды марапаттап, конфессияаралық диалогты ілгерілетудегі, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудағы православ шіркеуінің маңызды рөлін атап өтті.
Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбекке, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директоры Қ.Жұмабаевқа, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қ.Мәмиге, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Д.Исабековке, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Айдарбаевқа, «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Б.Баймахановқа, «Bazis-А» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы А.Беловичке, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі Ә.Тұрсыновқа, альпинист М.Әуезоваға мемлекеттік марапаттар тапсырылды.
– Сіздер әрдайым жаңа идеяларды тиімді жүзеге асырып келесіздер. Баршаңызға ел игілігі жолындағы жемісті қызметтеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Отыз жылда біз Қазақстанның ілгері басуы мен өркендеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бұл наградалар – сіздердің Қазақстан мен оның халқы алдындағы еңбектеріңіздің лайықты бағалануының нышаны, – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық