Назарбаев Әлиев пен Әбләзов туралы ойымен бөлісті
Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaq: history of the golden man» деректі фильміндегі сұхбатында Рахат Әливеті жоғары лауазымға тағайындағанына өкініп отыр.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
6 шілде «Qazaq: history of the golden man» деректі фильмінің премьерасы өтті. Фильмде режиссер Оливер Стоун елбасынан сұхбат алған. Онда Назарбаев марқұм күйеу баласы Рахат Әлиев туралы сөз қозғады.
– Қаржы полициясы оның қарамағында еді. Осыны пайдаланып, өзгелердің бизнесі мен ақшасын тартып ала бастады. Бір кездері оған: «Тоқта» деп ескерту жасадым. Сол уақытта ол менің күйеу балам, үш кішкентай немеремнің әкесі еді. Қызым, үш немерем мен оның әкесі маған келді. «Мен не істей аламын? Ол – қылмыскер» деп жауап бердім, - деп Назарбаев өз естелігімен бөлісті.
Елбасының айтуынша, бұл жағдай Дариға мен өзіне ауыр тиген.
Өте ауыр болды. Егер басқа біреу болса... Ал бұл жерде өзім сенім артқан адам... Мен оның (Дариғаның) басынан не өткенін түсінемін. Оны аяймын.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ
Еске салсақ, Рахат Әлиев – Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі. 2008 жылы «билікті тартып алуға әрекеттеніп, адам ұрлаумен айналысатын қылмыстық топ құрды» деген айып тағылып, ұзақ жылға сотталған. Ал 2011 жылы Вена соты оны Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан. Төрт жылдан кейін австриялық БАҚ түрмеде Рахат Әлиевтің мәйіті табылды деп хабарлаған. Ол өзіне қол жұмсаған.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Мұхтар Әбләзов туралы ойы
Ол жоғары лауазымды адамның өзіне қарсы шыққаны туралы сұраққа
– Мұндай көбінде болған, тек біздің ғана жағдай емес. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырады, бәрі астаң-кестең болды. Мен қызметтес болғандардың бәрі бұрынғы коммунистер еді. Бірақ арасында университет бітірген, нарықтық экономика, капитализмнен хабары барлар кездесті. Бұрынғы тәжірибесі кедергі келтірмес үшін мен 30-32 жыл бұрын оларды қызметке тағайындай бастадым, - деп жауап берді Қазақстанның экс-президенті.
Бұл қателік болды. Олар керісінше, мемлекеттің азын-аулақ ақшасын жымқыра бастады. Көбі жемқорлықпен ұсталды. Оны (Әбләзовты) Лондон соты халықаралық алаяқ деп танып, соттады. Мен оған кешірім жасадым. Оның банкке қайта оралып, ақшасын тонауы басты қателігі еді. Миллиардтаған ақша жымқырды. Бұған қоса тапсырыс беріп, өзінің серіктесін өлтірді. Біз бұл істі америкалық ФБР-мен бірге тергедік.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық