Назарбаев кезінде сотталған шенеунік экс-президентті кешіруді сұрады
Фото: Ашық дереккөзден
«Сұрауы бар» YouTube арнасында Жақсыбек Құлекеев экс-президентті кешіруді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Шенеунік Нұсрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан үшін жасаған еңбегі зор екенін тілге тиек етті.
«Бәрі бірдей ол кісіден теріс айналып кетті деп айту қиын шығар. Жанында жүрген азаматтар бар. Назарбаевтың өзін де кезең-кезеңге бөліп қарау керек. Алғаш егемендік алған кезде 2005 жылға дейін елбасы өте үлкен қызмет жасады. Жалпы егемендіктің 30 жылдығында елбасының атқарған еңбегі зор. Қазақстанды дүниежүзіне танытты, шекарамызды бекітті, ол кісінің қабілеті өте зор азамат. Ал соңғы 10 шақты жылда ол кісі өзінің беделін, билігін жеке басына, отбасына көбірек пайдаланып кетті. Содан халық шаршады», - дейді Құлекеев өзінің берген сұхбатында.
Шенеунік елбасын кешіруді сұрады.
«Елбасы да пенде, ол да әке. Ол да ата. Немере, шөбере сүйіп отыр. Отбасының айналасындағыларға қатысты қоғамда айтылып жатқан пікірлерге о кісі алаңдамайды екен, қынжылмайды екен деп айту өте қиын. Ол да ет пен сүйектен жаралған адам ғой. Меніңше, о кісіні дәл қазір табалаудың қажеті жоқ. Қолымыздан келетін болса, егемендік үшін, келешек ұрпақ үшін о кісінің жақсы атын сақтап қалған дұрыс.
Елбасы мен оның айналасында жүрген адамдардың озбырлығын немесе қылмыстық әрекетін бөліп қараған жөн деп ойлаймын. Президенттің ұстап отырған саясаты да сондай. Мемлекет үшін, болашақ ұрпақтар үшін, егемендіктің туын берік қылу үшін Назарбаевтың атқарған рөлі өте жоғары. О кісіні қазір қорлайтын болсақ, ол – егемендікті қорлағанмен бірдей нәрсе. Сондықтан бұл тұрғыда мен халықтың елбасыға кешірімді болғанын қалар едім. Ал отбасының жақын мүшелері мен отбасыға жақын азаматтар, жақындығы болмаса да сол кісінің жанында жүріп көп пайдасын көрген азаматтар бар. Солардың ісін кешіру-кешірмеу жасаған іс-әрекеттеріне, қылмысына байланысты», - деді Құлекеев.
Айта кетейік, Құлекеев 2008 жылдың 13 қарашасында Астана қаласының Сарыарқа сотымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті лауазымындағы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, десе де Құлекеевті сот ақтап алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық