Назарбаев кез келген уақытта Қытайға келе алады – Си Цзиньпин
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады.
Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлайды.
Қытай басшысы Си Цзиньпин екі ел халықтарының арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесіне тоқталды. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы қазіргі мемлекетаралық қатынас тату көршіліктің үлгісі екенін атап өтті.
«Сіздің екіжақты қарым-қатынасты ілгерілету мен дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын» делінген Қытай басшысының хабарламасында.
Сонымен қатар, Си Цзиньпин Қазақстанның тұңғыш президентін кез келген уақытта Қытай елінің құрметті мейманы ретінде қарсы алатынын жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев келіп түскен хат-хабарлармен танысып, барлық құттықтау хаттардың авторларына жылы сөздері мен ыстық тілектері үшін ризашылығын білдіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық