Назарбаев ескерткішін құлатқан жігіт депутаттармен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Талдықорғандағы қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, туыстарының айтуынша, түрмеде азапталған Азамат Батырбаевпен кездесті. Депутаттар одан «істеген ісіңе өкінесің бе?» деп сұрады.
Депутаттардың Азамат Батырбаевпен диалогы 5 ақпанда Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасында көрсетілді. Депутат Берік Бекжановтың «Сізге түрмеде қысым көрсетіле ме? Олар күш қолдана ма? Мұнда емделіп жатырсың ба?» деген сауалдарына Азамат Батырбаев «ешқандай шағымым жоқ» деп жауап берді.
«Бүгін әлеуметтік желіде видео тарап жатыр. Тас лақтырып, таяқ ала жүгірген сіз бе? Жасаған ісіңізге өкінесіз бе?» деген сұрақтарға Азамат Бақтыбаев оң жауап берді. Видеодан ауруханада депутаттар мен бірге полицейлердің болғанын көруге болады.
Бақтыбаевтың адвокаты Бауыржан Азанов өз парақшасында одан қорғаушы жоқ жерде жауап алу заңсыз және клиентке қысым көрсету әрекеті деп санайтынын жазды.
Телеарнаның хабарлауынша, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Ерлан Смайылов пен Берік Бекжанов Алматы облысының әкімшілік орталығына барып, қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың туыстарымен кездесті. Олар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі өкілдерімен мүгедектер мен кәмелетке толмағандарды босату мәселесін талқылайтындарын мәлімдеді.
Әлеуметтік желіде 38 жастағы Азамат Батырбаевтың азаптау белгілері бар суреттер тарап жатыр. Ол қаңтар айының басында Талдықорғанда «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты» деген күдікпен ұсталған. Туыстары Батырбаевты ұрып-соққанын, денесін ыстық темірмен күйдіргенін айтты. Өткен аптада Бас прокуратура Азамат Батырбаевқа азаптау фактісі бойынша айып тағылғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық