Назарбаев Ердоғанмен кездесті
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы Анадолы дипломатиялық форумына қатысып жатыр.
Оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында форумнан фото және видео бөлісті.
Бейнежазбалардың бірінде Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен қызу әңгіме үстінде әзілдесіп тұр.
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) March 11, 2022
Еске салсақ, Түркия тарапының арағайын болуымен Анталия қаласында өткен Украина – Ресей СІМ басшыларының келіссөзі 90 минутқа созылып, нәтижесіз аяқталған болатын.
«Украина Мариупольден және Мариупольге гуманитарлық дәліз ұйымдастырып, азаматтардың гуманитарлық мәселелерін шешу үшін кем дегенде бір тәулікке соғыс қимылдарын тоқтатуды ұсынды. Ресей бұған келіспеді, Украина келіссөздерді жалғастыруға дайын. Бүгін Ресей тарапынан Украина Путиннің талаптарын орындаса, оқ ату тоқтайтыны туралы сыбыс шықты. Украина берілмейді. Біз дипломатиялық шешім іздейміз, басқаша болғанда өз азаматтарымызды агрессиядан қорғаймыз» деді Украина СІМ басшысы Кулеба.
Ресей СІМ басшысы Лавров Беларусь жеріндегі соңғы келіссөздер кезінде Украина өкілдеріне құжаттар тапсырғанын айтып, соңғы келіссөздерден ешқандай нәтиже күтпейтінін айтқан еді.
«Кулеба мырза әскери әрекеттерді тоқтатуға қол жеткізе алмағанымыз туралы айтты. Әрине, біз мұнда әскери әрекеттерді тоқтатуды көздеп келген жоқпыз» деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық