«Назарбаев билігі кетсін!». Алматыда наразылық шарасы өтіп жатыр
Алматыда парламент сайлауына бойкот жариялап, митингіге шыққан оппозициялық ұйымдар - тіркелмеген «Демпартия» мен «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының белсенділерін полиция алаңға жеткізбей қоршап алды. Полиция жасағының қоршауында қалған олар өз талаптарын айтып жатыр.
Белсенділер «Сайлауға бойкот», «Назарбаев кетсін», «Нұр-Отан - сатқындардың партиясы», «Нұрсұлтан, отанымды жеме» деп ұрандата бастағанда қоршау сыртында тұрған бір топ адам олардың сөзін бөлуге тырысты. Белсенділерге кедергі келтіруге тырысқандардың арасында журналист Қали Сәрсенбай, боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибрагимов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Тахир Балықбаев, ақын Маралтай Райымбекұлы бар. Олар микрафонмен «Мамай, сатқын» деп айқайлап, Қазақстаннның әнұранын шырқай жөнелді. Ал белсенділер олардың бұл әрекетін «арандату» деп атап, оларды «халық жағына өтуге» шақырды.
Бір-бірінің сөзін елемеген қос тарап жұлысуға дейін барды. Боксшы Ермахан Ибрагимов белсенділердің ұран жазылған плакатын жыртып, полиция қоршауында қалған белсенділерге атылды.
Қоршауда тұрған белсенділерге қосылуға келе жатқан азаматтарды полиция оларға қарай жібермей тұр.
ORDA. тілшісі кемі он адамды полиция ұстап алып кеткенін көрді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық