Назарбаев бейнеленген 20 000 теңгелік банкнот айналымға шықты
Қазақстан Ұлттық банкі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналысқа шығарады. Ол 1 желтоқсан - Тұңғыш президент мерекесінде шықты.
«Мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды: банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың факсимилесін қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды» делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған: бет жағы негізінен тік бейнелерді, сыртқы жағы көлденең бейнелерді қамтиды. Банкнот басым түс – сұр түсте орындалған. Банкнот көлемі 155х79мм.
.png)
Бірінші банкнот емес
Бұл Назарбаев бейнеленген бірінші банкнот емес. Осыдан бес жыл бұрын 1 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты 10 000 теңгелік банкнот айналысқа шыққан болатын. Ұлттық банк 2018 жылы оның 100 000 дана ғана шыққанын және оны алуға деген сұранымның көптігін алға тартқан.

Банкноттың бет жағы
Бет жағындағы негізгі бейнелер – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының бірінші президенті – Н.Ә. Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде «Қазақ Елі» монументі, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі «Киіз үйді» безендіру желісі бойынша «Басқұр» – таспасындағы қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті.
Банкноттың сыртқы жағы
Сыртқы бетіндегі негізгі бейнелер – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан қаласының және Ақорда президент резиденциясының панорамалық көрінісі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған логотип бейнесі.
Номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнот Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша нақты құны бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банктерінде банктік шоттарда аударуға, ұсақтауға және айырбастауға міндетті.
Елбасының портреті бар номиналы 10 000 теңгелік алғашқы мерейтойлық банкнот 2016 жылы шығарылғанын және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылғанын еске саламыз.
Қазіргі кезде Қазақстанда номиналы 200, 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттар айналыста қолданылып жүр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық