Назарбаев балалық шағының қиыншылықтарын еске алды
Фото: elbasy.kz
Атақты американдық режиссер Оливер Стоун түсірген «Qazaq: алтын адамның тарихы» деректі фильмінде Елбасы өзінің балалық шағын еске алды.
– Неден бастағаным есімде. Мен сауатсыз шаруалардың баласымын. Менің атам баяғы көшпенді болған, бірақ олар Қазақстанның оңтүстігінде, орыстар көп қоныстанған жерде тұрғандықтан, басқа ұлттармен бірге өмір сүрді. Егіншілікті үйренді, - деді Назарбаев.
Қазақстанның тұңғыш президенті әкесі мен шешесі колхозда жұмыс істегенін нақтылап айтты. Анасы далада қант қызылшасы алқабында жұмыс істеген.
– Бәрі қолмен істелді, біз балалар оған көмектесуге баратынбыз. Ұмыту мүмкін емес. Ыстық күн астында тас пен құмнан тұратын алқапта отыру оңай емес. Шаруа қожалығының астығы көп болса оларға бірнеше қап бидай берілетін, - деді Назарбаев.
Оливер Стоун: «Сіз ата-анаңыз аш болды деп айта аласыз ба?» деп сұрады.
– Мен өзім аш болдым, оны ешқашан ұмытпаймын. Соғыстан кейін әлі есімде, үнемі аш болатынмын. Мен мектепке барарда ағам екі алманы пакетке салып беретін. Бұл мектептегі түскі асым болатын. Төрт ағайынды болдық – үш ер бала, бір әпкеміз. Енді қалай аман қалғанымызды да түсінбеймін. Кеңес Одағының барлық колхозшылары осылай өмір сүрді, - деді Елбасы.
Оның айтуынша, соғыстан кейін қиын болған, тек 50-ші жылдары қара нан сата бастағандықтан ғана жағдай жеңілдеген.
– Өте дымқыл қоңыр нан, ол үшін біз, балалар, таңғы сағат 6-да кезекке тұрамыз. Түскі ас уақытында ғана екі нанға қол жеткіземіз. Анам оларды кесіп, күнге кептіріп қояды. Біз соны жедік., - деді Назарбаев.
Назарбаев мектепте жақсы оқығанын атап өтті. Бұл туралы оған анасы үнемі айтып отыратын болған.
– Әкем: жұмыс істейік. Бұл кітаптар саған не береді? Жүр, сиыр бағуға барайық, дейтін. Мен оқуды жақсы көретінмін, қолымнан келді. Мектепті медальмен бітірдім, бірақ оқуды жалғастырмадым. Ақша тауып, отбасыма көмектескім келді. Сөйтіп металлург болдым, - деді Елбасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық