Назарбаев Байбекке пандемия кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсетуді тапсырды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды «Елбасы» сайты.
Олар сайлау алдындағы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» бағдарламасын, сондай-ақ партияның сайлауаралық кезеңдегі жұмыс жоспарын одан әрі іске асыру мәселелерін талқылады.
-Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Біз «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламамызды қабылдадық. Енді оны жүзеге асыру мәселесіне назар аудару қажет, деп Нұрсұлтан Назарбаев нұсқау берді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті пандемия кезінде халықты қолдау бойынша партия жүргізіп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
-Пандемия адамдардың әл-ауқатына және бизнеске кері әсер етеді. Сондықтан біздің міндетіміз - адамдарға барлық түрдегі қолдауды жалғастыру, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бауыржан Байбек партияның сайлау алдындағы уәделерін жүзеге асыруға арналған «Елбасы» республикалық жол картасын таныстыра отырып, осы жылы көрсеткіштердің 24% -ын орындау жоспарланғанын баса айтты.
- Республикалық Жол картасы Мәжілістегі фракцияда талқыланды. Іске асыру үшін 1700 индикатор қабылданды. Биылғы жылдың 24% индикаторларын орындау жоспарланып отыр. Сайлау бағдарламаларын іске асыру бойынша 216 жол картасы өңірлерде ашық талқыланды. Олардың шеңберінде 80 мың индикаторға қол жеткізу керек, алдағы бес жылда партияның сайлау алдындағы уәделері орындалады, - деп сендірді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық