Назарбаев қазақ жастарына үндеу жолдады
Видеодан алынған кадр
Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық форумы барысында Қазақстан жастарына үндеу жасады.
– Қадірлі достар! Жастар - қоғамның ең белсенді және мобильді бөлігі. Барлық кезеңде жастар - тарихи өзгерістердің қозғаушы күші, сондай-ақ, гүлденген болашақтың стратегиялық ресурсы. Қазақстанда да жас ұрпаққа ерекше үміт артылады. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі жастарды жан-жақты қолдау болды. Осы 30 жыл ішінде ел тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына ала алатын ұрпақтың жаңа үлгісін тәрбиелей алдық. Олар жігерлі, білімді, физикалық және кәсіби түрде дайындалған, ұтқыр, қазіргі заманның өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларына бейімделген.
– Мен жастардың күш-жігері, мақсаты мен идеясы Қазақстанның табысты дамуының кепілі екенін бірнеше рет атап өттім. Ғылымдағы, бизнестегі, мәдениеттегі және спорттағы көптеген көрнекті жетістіктер жас қазақстандықтардың есімдерімен байланысты. Жастар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысудан тыс қалмайды. Қазақстанның жас патриоттары тәуелсіз мемлекеттің оның қызметінің барлық саласындағы жетістіктерін нығайтады, - деді Елбасы.
Жас буында жалпы өркендеуге өз елінің өміріне белсенді қатысу арқылы ғана қол жеткізуге болатыны туралы нақты түсінік бар екенін айтқан Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ жастарына үндеу жолдады.
– Қазақстанның жастары барлық сын-қатерлер мен қауіптерді еңсере отырып, осы мақсатқа жол ашады. Солай болатынына сенімдімін. Өйткені жас буынында жеке табысқа және жалпы өркендеуге өз елінің өміріне белсенді қатысу арқылы ғана қол жеткізуге болатыны туралы нақты түсінік бар. Өзара көмек, толеранттылық пен бірлік сияқты жалпыұлттық құндылық бағдарлары жастарды да, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды да біріктіреді. Осы постулаттардың арқасында біз өз тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде ата-бабаларымыздың армандарын іске асыра отырып, өркендеген мемлекет құрдық.
– Бүгін біздің әрқайсымыз Қазақстан мен оның болашағы үшін өмір сүруге және жұмыс істеуге дайын болуымыз керек. Мен Қазақстан жастарына үндеу жолдаймын: жасампаз болыңыздар, армандаңыздар, іске асырыңыздар және жақсы көріңіздер, еліміздің игілігі үшін өмір сүріңіздер! Сіз – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа қанатысыз! - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық