Экономика экс-министрі Назарбаев әулеті бюджетке қай кезден бастап «қол салғанын» айтты
2002 жылдың 30 қаңтарынан 2003 жылдың маусымына дейін Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын Есеп комитетінің төрағасы қызметін атқарған Жақсыбек Құлекеев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің бюджет қаржысына қай уақыттан бастап қол сала бастағанын айтты.
Оның айтуынша, Құлекеев 2000 жылға дейін Қазақстанның экономикасы күйзелісте болып, бюджетте артық ақша болмаған.
— Кризистен кризис, құлдырап, тіпті бір жылдары Қазақстанның экономикасы 26 пайызға дейін құлаған кездері болды. Ала қоятын бюджетте ақша жоқ. Президенттің өзінің шетелге ұшып баратын самолетінің шығындарын жеке кәсіркерлер қалтасынан шығарып, бірді бірге қосып жүретін кез болды. Сондықтан біреуден алатындай ешнәрсе болған жоқ. Тек 2000 жылдан кейін ғана еліміздің экономикасы аяғынан тұрып, жылдам қарқынмен дами бастады,- деп түсіндірді экономист.
Экс-министр 2000 жылдан 2008 жылға дейін ел экономикасының жылдық орташа өсімі 10 пайыздың шамасында болғанын еске алды. Сол кездері экономика тұрақты дамып, шетелден инвостарлар келе бастаған.
— Осы кезеңде, алғашқы келісімдер жүрген уақытта бюджетке қаражат түсіп, үлкен жобаларды соның ішінде өте құнды ресурстарды бөлу кезінде жемқорлыққа жол ашыла бастады. Алғашқы оның көріністері 2005 жылдан кейін ғана көріне бастады. Ал оның үлкен көрінісі 2010 жылдан кейін жүйелі жолға қойылды,- деп түйіндеді Құлекеев.
Қоғам қайраткері 2005 жылдан басталған жемқорлық көріністері 2010 жылдан кейін еліміздің экономикасының әлеуеті үлкейгеннен кейін жүйелі жолға түскенін жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық