Назарбаевқа Түркістан республикасын құру ұсынысы түскен
Оливер Стоунның «QAZAQ: Алтын адамның тарихы» жобасының екінші бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаев оған Өзбекстан және Түркіменстанмен біртұтас Түркістан республикасын құру ұсынылғанын айтты.
Ұсыныс 1991 жылғы 16 желтоқсанда Орталық Азия елдерінің саммитінде айтылды.
– Мен Мәскеуден келгенде Өзбекстан, Түрікменстан – бәрі менен не істеу керектігін сұрай бастады. Біз Түрікменстанда, Ашхабадта жиналуды шештік. Түркіменстанның президенті марқұм Сапармұрат Ниязов бізге бірігуді, Түркістан республикасын құруды ұсынды. Бұл қауіпті болар еді. Бұл қақтығыс, славян республикаларымен соғыс болар еді. Славяндықтар мен славяндық емес деп бөлінер еді, – деді Назарбаев.
Ол бұл көптеген ұсыныстардың бірі екенін түсіндірді.
– Мен және Өзбекстан президенті мұндай ойға қарсы шықтық. Неліктен Ресей, Украина және Беларусь Кеңес Одағының таратылғаны туралы жариялады? Себебі 1920 жылы Социалистік Республикалар Одағы құрылған кезде, осы үшеуі алғашқы қол қоюшылар болды. Ашхабадта отырғанда Ельцин бірнеше рет қоңырау шалып, бәрін Беловеж келісіміне қосылуға көндіруді өтінді, – деді тұңғыш президент.
Оның айтуынша, талқылау екі күнге созылды.
– Консенсус осылай болған соң, текетіресудің қажеті жоқ. Тең құқылы мүше ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіру керек еді. Біз Ресей, Украина және Беларусь басшыларына бізге келіп, қол қоюды ұсындық. Беловеж келісімі 8 желтоқсанда, ал 1991 жылы 21 желтоқсан күні Алматыда ТМД құру туралы келісімге қол қойдық, – деді Назарбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық