Назарбаевқа есткерткіш қоюға да болатын еді – Санжар Боқаев
фото: видеодан кадр
«Намыс» атты жаңа партияның жетекшісі Санжар Боқаев не үшін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айта алатыны туралы ойларымен бөлісті.
«За нами уже выехали» YouTube-арнасына берген сұхбатында Санжар Боқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылға дейінгі істеген істері үшін ескерткіш қоюға болатынын айтты.
– Менің оған рахмет айтатын жөнім бар. Мен бұған дейін де айтқанмын. Оның 2007 жылға дейінгі істеген жұмысы үшін есткерткіш қоюға да, көшелерді де атауға болатын еді. Өйткені, шекараны демаркациялау мәселесі, бұл әлемдік саясаттың барлық субъектілерімен берік, достық, дипломатиялық байланыстар орнату, нарықтық механизмдерді құру мәселелері. Мен оны осы үшін құрметтеймін. 2007 жылға дейін болған барлық нәрсе үшін оған алғыс айтамын.
Бірақ осыдан 3-4 жыл бұрын 2012 және 2015 жылғы президенттік сайлауға түспеуі керек деп айтқанымда, мен шеттетілдім. 2007 жылдан кейін – бәріне қысым көрсету, партиялық тізімдегі алғашқы сайлаулар және басқаларында рахмет айтатын ештеңе жоқ. Ол жай ғана адамдардың уақытын ұрлады, – деді Боқаев.
Сонымен қатар, Боқаев сол кезде сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның штаттан тыс кеңесшісі болған кездері туралы естеліктерімен бөлісті.
– Онымен бірге жұмыс істеген адамдардың ішінде мен онымен тек 5 ай ғана жұмыс істедім. Мен сенат төрағасының штаттан тыс кеңесшісі болдым. Ол кезде сол орында Дариға Назарбаева еді. Біз кездестік. Мен оған қателіктерді түзеп, жоғарғы палатаның жақсы жұмысын қамтамасыз ету үшін сенат қалай жұмыс істеу керектігі туралы айттым. Ол бәрін тыңдап, қабылдады. Мен оған аптасына бір рет келетінмін. Нақты жобалар мен құжаттармен келгенмін. Мен айтқан проблемаларды ол түсінді.
Бірақ, бастысы – ол шешім қабылдай алмайды. Үнемі бірдеңеден қорқатын. Барлығын ысырып қойып, «талқылайық, талқылайық» деп айтатын. Ештеңе өзгермегендіктен мен бұл жерде қалғым келмеді. Мен тегін жұмыс істедім. Менің елге көмектессем деген ойым болды. Мені оның адамы деген жалған сөз. Олардың ештеңе өзгертпейтінін білгенде мен кетіп қалдым, – деп түйіндеді саясаткер.
Жаңалықтар
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды