Назарбаевқа арнау жазған ақынның басқа да қыздарға қырындағаны айтылды
Фото: Ашық дереккөзден
Бұған дейін нағашысының күйеуі, ақын Ауыт Мұқибектің өзін қорлағанын айтқан продюсер Ақниет Ияр әлеуметтік желіде оның қысымына ұшыраған басқа қыздардың да әңгімелерімен бөлісіп жатыр.
Бірнеше қыз ақынды танығанын, әр жылдары тиіскенін айтып Ақниетке хат жазды. Олар аты-жөндерін жасырын қалдырған.
Қыздардың бірінің айтуынша, 2017 жылы дүкенде сатушы болып жұмыс істеп жүрген кезінде оған дәл осы ақын қырындаған.
«Ол әйелімен келді. Жұбайы аяқ киімін киіп жатқанда, ол маған жақындап, менің әдемі екенімді айтты. Немере інісіне нөмірімді сұрады. Мен бас тарттым. Сол күні кешке әйелінсіз, жалғыз келді. Мен олар бір заттарын ұмытып кеткен шығар деп ойладым. Жанына барып, сұрағанымда қолымнан қысып ұстап, өзінің ақын екенін, кітап жазатынын айтып, мен үшін келдім деп сендірді» деп жазды қыз.


Әрі қарай, арызданушының айтуынша, ер адам қайта-қайта келіп, шабыттану үшін онымен бірге бір түн өткізуді сұраған. Бір күні ол тіпті ізіне түсіп, аулаға сүйреп әкеткен. Қыз құтылып, қашып үлгерген.
Ақниет Ияр, өз кезегінде, бұл үшінші қыздың хаты екенін атап өтті.
Еске салсақ, продюсер Ақниет Ияр осыған дейін әлеуметтік желіде нағашы апасының күйеуінен сексуалдық қысым көргенін айтқан. Оның айтуынша, оқиға кезінде нағашысының күйеуі мен оның 5 жасар қызы ғана үйде болған.
Скриншот суреттері Ақниет Иярдың желідегі парақшасынан алынды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық