Назарбаевқа арнау жазған ақынға сексуалдық қысым жасады деген айып тағылды
Фото: Ашық дереккөзден
Ақын және қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекке сексуалдық қысым көрсетті деген айып тағылды.
«Жақында бірге тұрған нағашы апамның күйеуі маған сексуалдық қысым көрсетті» деп жазды продюсер Ақниет Ияр Instagram парақшасында.
Бойжеткен оқиғаның 20 наурыз күні болғанын хабарлады. Ол кезде апасы сыртқа шығып кеткен. Үйде тек Ауыт Мұқибек пен оның бес жасар қызы болғанын айтты. Оның әрекеті туралы өз стористарында жариялады Ақниет.
Бойжеткеннің айтуынша, ол оның еркінен тыс ернінен сүймек болған.
«Бірақ бұл жеткіліксіз ғой, шешініп, маған қол тигізуге тырысатын кез де келді. Әдетте менің ата-анаммен жасты адамдар солай жасайды ғой. Сұрақ: неге рұқсат бердіңіз, неге итеріп жібермедіңіз?
Өйткені ер адам агрессивті, әсіресе бәріне айтатыныңызды біліп қойса... Өзімді барынша қалыпты жағдайда ұстау өте қиын болды. Әсіресе болып жатқан оқиғадан жүрегің айныған кезде. Мені оның қызы құтқарып қалды. Ол оны өзіне шақырып алды. Осы кезде мен сырт киімімді киіп үлгердім де, құрбыма баруым керек деп шығып кеттім» деді продюсер.
Ол барлығын ата-анасына, нағашы жұртына, туыстарына айтқан.
«Көшеде айқайлап жылап, аяқ-қолым дірілдеп тұрды. Әлі де жалғыз қалып, қауіпсіздікте болсам да қорқыныш сезімі бар. Ең қызығы, бұл кісі сүйіп жатқанда, миым тығырықтан шығудың жолын іздеп жатқанда, жұма күні президенттің қолынан алған жаңа «Құрмет» орденін көрсете берді» деді Ияр.
Әзірге ақын Мұқибектің өзі ешқандай түсініктеме бермеді.
Еске салсақ, Ауыт Мұқибек Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. «Отандастар» қоры жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшесі болған, сонымен қатар «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Оның ішінде 2015 жылдың қазан айында қазіргі экс-президенттің БҰҰ Бас ассамблеясында 2015 жылдың қыркүйегінде сөйлеген сөзіне арнап жазған «Сен қазақша сөздің…» поэмасын Нұрсұлтан Назарбаевқа арнауымен танымал.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық