Назарбаев: 30 жыл ішінде Ресей мен Қазақстан арасында бірде-бір қақтығыс туындаған жоқ
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен Қазақстан тұңғыш президентінің кітапханасында кездесті.
Бұл туралы Orda.kz Ресей үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Назарбаев кездесу кезінде екі мемлекет арасындағы достықты басқа елдерге үлгі санайтынын жеткізді.
– Мен Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы барлық басқа мемлекеттер үшін үлгі деп санаймын. Одақ ыдырағаннан кейінгі 30 жыл ішінде бізде ешқандай келіспеушіліктер, қақтығыстар туындаған жоқ. Өйткені бірлескен құжаттарда қол қойғанымыздай, Қазақстан әрқашан біздің стратегиялық әріптестігімізді, мәңгілік достығымызды сақтауға ниетті. Бұл екі мемлекеттің мүддесі үшін де маңызды, - деді Назарбаев.

Өз кезегінде Ресей үкімет үйінің басшысы Мишустин Қазақстанда өткен келіссөздер нәтижесімен бөлісіп, президент Путиннен сәлем жолдады.
– Мен сізге бірінші кезекте біздің делегацияны жылы қабылдағаны үшін алғысымды білдіремін. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннен сізге жылы сөздері мен жылы тілектерін жеткізгім келеді. Кеше Астанада түрлі жерлерде белсенді жұмыс істеп, құрметті Асқар Ұзақбайұлы Маминнің министрлер кабинетімен екіжақты кездесулер өткіздік, – деді Мишустин.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Михаил Мишустиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі өткен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық