Назарбаев 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты
Оливер Стоунның «QAZAQ: Алтын адам тарихы» фильмінің екінші сериясында Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты.
– Мереке кезінде алаңда тойлап жатқан адамдарға шабуыл жасау – бұл Әбләзовтің жұмысы. Қазір бәрі түсінікті, біз тексердік. Олар ақша беріп, тіпті мұнайшылардың киімін кигізіп, арақ ішкізген. Тәуелсіздік күні. Сахнада концерт болып жатты, ол жерде адамдар тұрды. Олар сахнаны қиратты. Мұнымен тоқтап қалмай, қару табу үшін полиция кеңсесін талқандауға барды, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Елбасы оқиға орнына тікұшақпен барғанын және дүкендер мен полиция бөлімшерінің сол сәтте қирап жатқанын айтты.
– Түнде мен тікұшақпен ұштым. Таңертең осы жердің бәрін қарадым. Дүкендер өртенген, пошталар өртенген, полиция бөлімшелері қирап жатыр. Мен тұрғындарды залға жинауды өтіндім, - деді ол.
Фильмде Назарбаевтың Жаңаөзендегі жиында сөйлеген сөзінің мұрағаттық кадрлары көрсетілді.
– Неге Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау кезінде, бүкіл әлем ұлтымызды біліп жатқанда Жаңаөзенде осындай жағдайға тап болдық? Сол күні жазықсыз адамдар қаза тапты. Көңіл айту үшін келдім, - делінген Назарбаевтың мұрағаттағы бейнежазбасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық