Навальный экстремизмді қаржыландырғаны үшін 19 жылға сотталды
Сот оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды экстремистік қоғамдастық құрды, экстремистік әрекеттерді қаржыландырды, ашық түрде экстремизмге шақырды және нацизмді оңалтты деген айыппен 19 жылға бас бостандығынан айырды.
Мәскеу қалалық сотының көшпелі отырысы Владимир облысындағы ТК-6-да өтті, деп жазады РБК. Онда Навальный бұрынғы ісі бойынша жазасын өтеп жатыр. YouTube-тегі «Навальный Live» арнасының бұрынғы техникалық директоры, сонымен бірге осы іске қатысы бар Даниэль Холодный қатаң режимдегі колонияда сегіз жылға сотталды.
Прокурор оппозиционерді қатаң режимдегі колонияда 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Навальныйға жеті эпизод бойынша айып тағылды. Алайда, сотталушының өзі бұл жерде жазаның қанша жыл екені маңызды емес екенін айтты.
«Мен көптеген саяси тұтқындар сияқты өмір бойына бас бостандығынан айырылғанымды жақсы түсінемін. Бұл жерде жаза уақыты менің өмірімнің немесе осы режимнің ұзақтығымен өлшенеді» деді ол.
Навальный мен Холодныйдың экстремизмге қатысты ісін Мәскеу қалалық сотының судьясы Андрей Суворов қарады, ол бұған дейін АҚШ азаматы Пол Уиланды тыңшылық (16 жыл түрмеде) және «Интер РАО-ның» бұрынғы топ-менеджері Карина Цурканға да тыңшылық ісі бойынша (15 жыл бас бостандығынан айыру) сот жазасын кескен болатын.
Навальныйға қарсы экстремистік қоғамдастық құру және оған жетекшілік ету бойынша қылмыстық іс 2021 жылдың қыркүйегінде қозғалған. Әңгіме Навальный құрған (Ресейде шетелдік агент және экстремистік ұйым деп танылған) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры туралы болып отыр.
Нәтижесінде, сот қоғамдастық міндеттері мемлекеттік органдардың беделін түсіру, аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыру, халық арасында наразылық көңіл-күй туғызу және билікті күшпен ауыстыру қажеттілігі туралы қоғамдық пікір қалыптастыру, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздікке ұласатын наразылық акцияларын ұйымдастыру және өткізуге итермелейді деп шешті.
Навальныйдың өзі барлық айыптарды жоққа шығарып, істі саясиландырылды деп атайды. Айта кетейік, оппозиционер 2021 жылдың ақпан айынан бері түрмеде отыр. Ол кезде оның Ив Роше ісі бойынша шартты жазасын нақты жазаға ауыстырған болатын.
Ол 2023 жылдың жазында босатылуы керек еді, бірақ 2022 жылдың маусымында алаяқтық ісі бойынша жаңа үкім күшіне еніп, Навальный тоғыз жылға қатаң режимдегі колонияға тоғытылды. Бұған қоса, биылғы жылдың сәуір айында Навальный өзіне қарсы бұл жолы лаңкестікке қатысты жаңа іс қозғалғанын мәлімдеген. Бұл істі әскери сот қарайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық