Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
Фото: kazfootball.kz
Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін турнир матчтарына қатысатын ойыншылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Өтінімге 26 футболшы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (барлығы – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Арсен Аширбек («Елімай»), Мейрамбек Қалмырза («Тобыл»), Әділет Кенесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев («Тобыл»), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).
Сонымен қатар жаттықтырушылар штабына кімдер кіретінін де айта кетейік: Талғат Байсуфинов - бас жаттықтырушы, Иван Азовский - бас жаттықтырушының ассистенті, Марат Есләмов - бас жаттықтырушының ассистенті, Елдос Ахметов - бас жаттықтырушының ассистенті, Юрий Новиков - қақпашылар жаттықтырушысы, Мұхтар Ерімбетов - дене шынықтыру жаттықтырушысы, Тимур Құсайынов - талдаушы, Нұрлан Биттоғұлов - дәрігер, Бауыржан Абаев - физиотерапевт, Біржан Оразғалиев - физиотерапевт, Алексей Ильяшин - массажист, Евгений Карнаухов - массажист, Қуаныш Мұханбет - менеджер, Михаил Әубәкіров - администратор, Максим Шауберт - кит-менеджер.
Ел футболы тарихындағы ең үздік көрсеткіш осыдан бір ай бұрын тіркелді, әтиже 97-ші орын болды. Ал, ең төменгі нәтижені 1996 жылғы мамыр айындағы рейтингтен көруге болады, ол кезде Ұлттық құрама 166-шы сатыда болған.
Еске салсақ, 16 наурызда Қазақстан Премьер лигасының ІІ турында «Қайрат» футбол клубы «Ақтөбені» қабылдады. 1:0 есебімен «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» жеңді.
Алматылық клуб келесі ойынын талдықорғандық «Жетісу» клубына қарсы кездеседі. Қос клуб арасындағы матч Талдықорған қаласында 21 наурыз күні өтеді.
Оқи отырыңыз:
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- Жасанды интеллект Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы футбол маусымы күнтізбесін жасады
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық