Наурыз Мейрамы: Тоқаев Алматыда қазақстандықтарды құттықтады
Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады. Бүгін президент Алматыдағы Астана алаңында көктем мерекесінің басты шаралары өтіп жатқан жерге келді. Сахнадан Қазақстан халқына сөз сөйледі.
— Құрметті алматылықтар! Мереке күндері сүйікті қаламызда сіздермен бірге болғаныма қуаныштымын. Осы қиын-қыстау кезде әрқайсымыз Наурызды ерекше үмітпен, жақсылыққа деген сеніммен қарсы аламыз!
Қаңтар айында біздің қала қарақшылар мен лаңкестердің ауыртпалығын өз мойнына алды. Жазықсыз адамдар өліп, жапа шекті. Қала инфрақұрылымына үлкен зиян келді. Бірақ алматылықтар, бұл үшін сіздерге алғыс айтамын, мемлекеттігімізге бұрын-соңды болмаған қатер төнген кезде халық селт етпеді. Көтердіңіздер, сын сәтте бүкіл ел бірге болды. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы арқасында бұл сынақтан да өттік.
Алдымызда ауқымды реформалар күтіп тұр. Алда Жаңа Қазақстанның құрылысы тұр, біз сіздермен, жастармен бірге жаңа елді, Жаңа Қазақстанды, жаңаша республиканы міндетті түрде құрамыз. Біз жетістікке жетеміз!, - деді Тоқаев.
Қазақстан Президентінің сөзі бес минутқа созылды. Мұнан соң сахнаға ұлттық киім киген өнерпаздар көтерілді. Көрермендер камераларға түсіріп, халық өнерпаздарды қол соғып, қолпаштап отырды. Алаңға жиналғандар қарасы көбейіп келеді.

Алаңға кірмес бұрын адамдар сканерден өтіп, сөмкелері мен жеке заттары тексерілді.


Алматылықтар, сақ болыңыздар! Қазір Қабанбай батыр көшесі бойында кептеліс пайда болды. Өйткені, Абылай хан даңғылының бойында Абай даңғылымен қиылыстан бастап бағдаршам өшірілген.

Полиция қызметкерлері көліктерді мерекелік шаралар өтіп жатқан алаңды айналып өтуге жәрдем беруде.
Көпшіліктің сүйемелдеуімен «Қазақстан! Қазақстан» әнін халық әртісі Әлібек Дінішев орындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев алаңда қалып, концертті тамашалады.

Жастар би биледі, сахнадағы өнерпаздарға қосылып ән шырқады.
Жиналғандар шын жүректен қуанып, сахнадан шырқалған шығармаларға би билеп, көңіл-күйлерімен бөлісуде.
— Наурыз мейрамына қатыспағалы көп болды, өкінішке қарай, президент сөзіне үлгермедік. Концерт өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Күйеуім жұмыс істейді, сондықтан ұлым екеуміз осы жерден алыс емес жерде тұратындықтан тамашалауға келдік, - деді қала тұрғыныАльбина Саин.

— Әртістердің қалай дайындалғанын, сахнаны қалай дайындағанын көрдік, барлығы тамашалап жатыр. Дайындық жақсы екен, керемет өтіп жатыр, бүгін ауа-райы да тамаша! Кеше қар мен жаңбыр жауады деп уәде етілген еді, бірақ бүгін күн ашық, бәр әдемі өтіп жатыр, - деді зейнеткер Михаил Константиниди.

Алаңда өрт сөндірушілер мен дәрігерлер кезекшілік етуде. Сонымен қатар бүгін алаңда әуе шарын ұшыру жоспарланып отыр. Қалаған адамдарға оған мінуге рұқсат етіле ме, жоқ па, ол әлі белгісіз.

Жиынның ресми бөлігі аяқталды. Президент отырған орын бос тұр. Ал полицейлер қазірдің өзінде кіре берістегі қоршаулар мен сканерлерді алып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық