Наурыз көже: дәстүрлі дайындау әдісі
Коллаж: Orda.kz
Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күні әзірленетін қасиетті тағам. Бұл көже ежелден молшылық пен берекенің нышаны ретінде әр шаңырақта дайындалып келген. Оның қатаң рецепті жоқ, бірақ басты талап – жеті түрлі дәннің болуы.
Әдеттегі көженің құрамына бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су және тұз кіреді. Дәстүр бойынша, кейбір үйлерде оған қазы, қарта, шұжық сияқты сүрленген ет өнімдері қосылады. Қазақ халқы ежелден жамбастың шұқыршағын қазанға салып, оны тоқшылықтың белгісі ретінде қабылдаған. Сондай-ақ, малдың сүйектерімен қайнатылған сорпа тағамның нәрлілігін арттырады.
Қазақтар Наурыз айында күн мен түн теңесіп, әлемде үйлесім орнайды деп түсінген. Бұл уақытта дайындалатын Наурыз көженің өзі де сол үйлесімділікті сақтап, әртүрлі дәнді-дақылдар мен еттің жарасым тауып піскен ерекше тағамына айналады.
Наурыз көженің құрамы (6-8 адамға арналған)
- Су – тіршілік көзі, барлық тағамның негізі.
- Сүр ет немесе қой еті – тоқшылық пен берекенің белгісі.
- Дәнді дақылдар – бидай, тары, арпа, жүгері, күріш (кез келгенінің қосылуы мүмкін).
- Сүт немесе айран – тағамға ерекше дәм береді.
- Май – көженің құнарлылығын арттырады.
- Тұз – дәмін келтіретін маңызды элемент.
- Бұршақ немесе басқа да қосымша дақылдар – тағамды нәрлі әрі тойымды етеді.
Дайындау әдісі
Етті пісіру
- Алдымен сүр етті бөлек қайнату керек, себебі ол ұзақ піседі (2-3 сағат). Егер қазы болса, оны да қосқан дұрыс.
- Піскен етті сүзіп алып, суыған соң турап қоямыз.
Дәнді дақылдарды дайындау
- Ақ жүгеріні еттен кейінгі ұзақ пісетін дақыл ретінде бірінші қайнатамыз (40 минут).
- Сары жүгеріні бөлек пісіріп аламыз (30-40 минут).
- Бидайды соңынан қайнатамыз, оған 30 минуттай уақыт кетеді.
Барлығын қосып қайта қайнату
- Піскен дәндер мен етті бір қазанға біріктіріп, тағы 15 минуттай қайнатамыз. Мұнда басты назар аударатын жайт – дәндердің езіліп кетпеуі керек.
Қатық немесе айран қосу
- Көже дайын болған соң оны сәл суытып, үстіне айран немесе қатық құямыз. Кейбіреулер қайнаған суда езілген құртты қосады.
Наурыз көженің мәні
Жүгері мен бидай тағамға ерекше дәм беріп қана қоймай, оның құнарын арттырады, яғни адам күні бойы тоқ жүреді. Наурыз көжеге қосылатын бұл жеті дәм – молшылықтың, тоқшылықтың, сәттіліктің, байлықтың, бақ пен берекенің символы саналады.
Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа береке мен ырыс әкелсін!
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді