Наурыз айындағы ҰБТ басталды: бірінші күні 775 адам тестілеуден өтеді
EQ коллажы
Елімізде ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Қазір оған қатысуға 163 мыңға жуық адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Orda.kz
Оның 76 пайызы қазақ тілін, 23,9 пайызы орыс тілін, 162 адам ағылшын тілін таңдаған.
«Өтінім тапсыру кезінде үміткерлер тестілеу күнін, уақытын және тармағын өз бетінше таңдайды, бірінші күні республика бойынша 775 адам ҰБТ тапсырады», деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Мамандандырылған пәндердің ең танымалы «Биология-химия» – 17,5% болды. Бұл пәндерді болашақ дәрігерлер, мұғалімдер, ауыл шаруашылығы мамандары таңдайды. Одан кейін болашақ инженерлер мен IT мамандары «Математика-Физика» – 17,1% және «Математика-Информатика» – 10,5% пәндерін таңдады.
ҰБТ-дағы пәндер саны үш міндетті және екі таңдау бойынша болып, өзгеріссіз қалды. Тапсырмалар саны 120, оның ішінде «Қазақстан тарихы» бойынша 20, «Оқу сауаттылығы» бойынша 10, «Математикалық сауаттылық» бойынша 10 және екі негізгі пән бойынша 40 тапсырма. Ең көп ұпай саны – 140.
Тестілеу уақыты 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша - 40 минут уақыт беріледі.
Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде жоғары оқу орнының күндізгі бөліміне түсетіндер, мектеп пен колледждерді бітірген түлектер, Қазақстан азаматы емес қазақтар, сондай-ақ ақылы негізде ЖОО-ға түсуді жоспарлаған биылғы түлектер қатысады.
2025 жылдың 10 ақпанында 164 мыңға жуық адам тапсырған қаңтардағы ҰБТ аяқталды. Орташа балл 65,8, ең жоғары балл – 139 болып, барлығы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық