Наталья Сац атындағы театрды жөндеуге не үшін 22 млрд теңге бөлінді?
Наталья Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ғимаратты қайта қалпына келтіруге неліктен 21,7 миллиард теңге жұмсалатынын түсіндірді, деп хабардайды Orda.kz.
13 қаңтарда Алматы қалалық құрылыс басқармасы мемлекеттік сатып алулар сайтында театр ғимаратын кеңейту арқылы қайта құруға 21,7 миллиард теңге жұмсалатынын жазған. Жоба 2026 жылы аяқталады.
Театрдың бас режиссері Ирина Симонова қазір театр ғимараты қирайын деп тұрғанын айтты. Нысан 1980 жылдары салынған және ешқашан күрделі жөндеуден өтпеген екен. Сонымен қатар театрда қосалқы бөлмелер мен қоймалар жетіспейді.
Қолданыстағы ғимаратты қайта жаңартуға 6 миллиард теңге және жаңа ғимарат салуға шамамен 9 миллиард теңге қарастырылған. Сондай-ақ екі ғимаратты байланыстыратын галерея салынады. Сыртқы желілер ауыстырылады және іргелес аумақты көгалдандыру мен көркейту жұмыстары жүргізіледі. Қалған ақшаға ғимаратты жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Еске салайық, 2024 жылы 4 наурызда Алматыда болған жер сілкінісі кезінде Наталья Сац атындағы театр зардап шеккенін хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды
- Ақша айналымы 557 млн теңге: Шымкентте интернет-казино ашқан тұрғын ұсталды