Нархоздағы харассмент: Студент құқығым тапталды деп отыр
Фото: Orda
Narxoz студенті Медина Фатима Майсар деканат қызметкері (жоғарғы курс студенті) харрасмент жасап, құқығын бұзғанын айтып жазба жариялады.
Бұл туралы facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.
Медина жазғы семестрге ақшасын төлеп, тіркелгеннен кейін үш апта бойы сабаққа қатысқанын айтты. Алайда кейін оның есімі топ тізімінде жоқ екені белгілі болды. Мәселеге тап болған қыз көмек сұрап деканатқа жүгінеді. Оны деканаттың қызметкері болып жұмыс істейтін жоғары курс студенті қарсы алады.
Мединаның айтуынша, бұл студент оны кинотеатрға шақырып, тіпті рұқсатынсыз жеке ақпараттарын базадан қарады. Анасының байланыс ақпаратын, әлеуметтік желідегі парақшаларын және туыстарының нөмірлерін студенттің жеке мәліметтер базасынан көріпті.
Медина білім ошағынан көңілі қалғанын айтып, басшылық оның шағымдары «маңызды» себеп емес деп екі апта бойы оны топ тізіміне қосудан бас тартқанын атап өтті.
Студент қыз жазбасында мынадай талаптар қойды:
- Өзін жазғы курсқа қатысушылардың тізіміне қайта қосу. Өйткені ол курсқа ақша төлеп, ережелерге сәйкес тіркелген.
- Мәліметтер базасынан оның мәліметтерін заңсыз іздеген студентті оқудан шығару.
- Сондай-ақ, харрасмент жасағаны үшін оны жұмыстан шығарып, бұл оқиғаны жеке ісіне жазып қалдыру.
«Мен сабаққа баруды жалғастырамын, өйткені бұл менің құқығым және бұл жағдайға мен кінәлі емеспін», — деді Медина Фатима Майсар.
Бұл оқиға жұртшылықтың назарын аударып, білім беру ұйымдарындағы студенттердің құқықтары мен этикасына қатысты мәселеге назар аудартты. Ал Narxoz әкімшілігі бұл мәселені өз қолдарына алып, қадағалайтындарын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық