Нағашым зорлады деп елден көмек сұраған қыз жоғалып кетті
Фото: freepik.com
Қордайда 21 жастағы қыз өз нағашысынан қорлық көргенін айтып, құқық қорғаушылардан көмек сұрады. Көп өтпей бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қыз адвокатқа хат жолдаған.
«Ләззәт апай, сәлеметсіз бе? Менің басымнан өткен жағдайды айтып бергім келеді. 8 жасымда анамның бауыры мені зорлады, кейін «біреуге айтсаң өлтіремін» деп, бұл ісін бірнеше рет қайталады. Мен ол кісіні кешіре алмаймын, жазасын алғанын қалаймын» деп жазылған хатта.
Ләззат Рақышеваның айтуы бойынша, бойжеткен шынымен зорланған екен. Ал 15 жасында тағы бір еркек зорлап екі қабат қылған. Анасы қыздың түсік жасатуын талап еткен.
«Мектеп бәрін білген. Ең қызығы балалар жиі мектепке келмеген, себебі үйінде нағашы ағасы зорлап жүрген. Оны тексерген ешкім жоқ. Неге сол кезде екі баласына қарамаған анасын ата-аналық құқығынан айырмаған? «Мені елге масқара қылдың» деп анасы қызын малшыға бере салған. Ол малшы қызды терезесі жоқ бөлмеге қамап қойып, 1 апта зорлап, ойына келгенін істеген. Қыз ол жерден қолдау күтіп, анасына қашыпты. Қыздың анасы бойжеткеннің басынан өткен барлық зорлық-зомбылыққа қызын кінәлаған», - дейді адвокат.
Ал қыздың жоғалғаны туралы Гүлназ есімді желі қолданушысы жазды.
«Өткен айда мен бала кезінде туған нағашысы зорлаған қыз бала туралы жазып едім. Сол А. деген қызды менің отбасым қамқорлығына алып, ол тамыз айына дейін менің анаммен бірге тұрды. 3 қаңтар күні ол Қордайға кеткен, ал бүгін оған хабарласа алмай отырмыз. Ол бізге тамыз айының аяғында келді, біз анамыздың қасына тұруға рұқсат еттік. Баяндауынша, 8 жасында әкесі қайтыс болып, оны 8 жасынан бастап 12 жасына дейін анасының ағасы, туған нағашысы зорлап келген» деп жазды ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық