Қызылордада төтенше жағдай: мал арам қатып жатыр
Қызылордада 500-ден астам мал қырылды. Сынама нәтижесі бойынша олар аштықтан өлген.
Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Малдың арам өлуіне байланысты Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Сынама қорытындысы өңірдегі топырақтың құнарсыздығынан малдың аштықтан қырылғанын растады.
Қуаңшылыққа тап болған шаруалар жем-шөп алуға қиналып отыр. Себебі баға көкке жеткен, ал мемлекеттен субсидия алу қиындаған.
– Қазір жоңышқа қымбаттап жатыр. 600-700 теңгеден жоңышқа табылмай отыр. Келесі орым 800 дейді. 3-ші орымда бізге берсе 1000-1100 болады. Аралдың өзінде қазір 1200-1400 теңге болып тұр. Биыл мал қатты ауырып жатыр, өліп жатыр. Қыста біраз шығынға ұшыраған едік. Тағы шығынға батып жатырмыз, - деді шаруашылық төрағасы Нұрлан Биманов.
Аймақтағы жем-шөп бағасының өсуіне су тапшылығы себеп болған.
– Мал ішетін құдықтардан және қосымша көлдерден сынамалар алынды. Одан бөлек, өлген жылқыдан және мүйізді ірі қарадан сынама алынды. Облыстық ветеренарлық зертханаға тапсырылды. Нәтижесінде теріс нәтиже көрсетті. Яғни эпизотиялық ахуал тұрақты. Ауру жоқ. Қуаңшылыққа байланысты мал қысқа өте күйсіз түскен. Соның есебінен болып отыр, - деп түсіндірді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.
23 маусымда Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет шаруаларға мал шығынын өтеп бермейді.
Қазір мемлекеттен бөлінген қаражатқа жем-шөп тасымалына қажетті жанар жағармайға, сондай-ақ жайылымдарда бітелген суаттардың көзін ашуға жұмсалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық