БҚО мүгедек жандар ғимарат алдында кезекте тұр
Фото: Іnstagram / rauluporov
Батыс Қазақстан облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіндегі кезек халықтың наразылығын тудырды. Фотосуреттер әлеуметтік желіде жарияланды. Мүгедектердің осындай жағдайда қайта тексеруден өтетіні белгілі болды.
Орал тұрғыны Раул Упоров 23 желтоқсан күні таңертең халықты әлеуметтік қорғау бөліміне 50-ге жуық адам жиналғанын айтты.
«Нағыз тозақты көргіңіз келе ме? Кеңестік тар дәлізде өте көп адам жиналған. Барлығы әртүрлі жастағы мүгедектер. Балалар мен жасөспірімдерден бастап қарттарға дейін. Қозғалу мүмкін емес. Дәлізде бірнеше арзан креслолар қойылған. Жағдай жасаған түрлері. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрып кезек күтеді, еденге отырады, баспалдаққа шығып тұрады, терезеде отырады. Мына әйел лифт жанында жатыр! Осы «мүгедектерге деген құрметтің» бәрі таңнан түске дейін созылады» деп жазды Рауль Упоров.
Оны басқа да желі қолданушылары қолдап, олардың да осындай жағдайға тап болғандарын жарыса айтты.
Ақпаратты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі орынбасары Ардақ Мұқанова растады.
«Пандемия кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар қашықтан тексеруден өтті. Биыл жағдайдың жақсаруына байланысты олар бізге жеке келуге мәжбүр. Кезек бар. Мүгедектермен бірге жүретін адамдар келеді. Барлығына орындық жеткіліксіз. 1000-ға жуық адам қайта тексеруден өтуі керек» деді ол.
Департамент өкілдері тек жекеленген санаттағы азаматтардың үйлеріне баратыны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық