Иранда «нәтижесі айқын» президент сайлауы өтіп жатыр
Иранда президент сайлауы өтіп жатыр. Көптеген сарапшы оның нәтижесі алдын ала айқындалып қойған деп санайды. Дауыс беру АҚШ санкциясының салдарынан ел экономикасы құлдырап, басқару жүйесіндегі қателіктер мен коронавирус індетінен туындаған дағдарыс тереңдеп, қоғамда наразы көңіл-күй артқан шақта өтіп отыр.
Бұл туралы Orda.kz Азаттық радиосына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Халықтың наразылығына қарамастан елдің рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи сайлауға бойкот жариялауға шақырған мемлекет «жауларына» шүйлігіп, ирандықтарды дауыс беруге шақырды.
Әрбір дауыс маңызды... келіңіз де дауыс беріп, президентіңізді таңдаңыз... бұл ел болашағы үшін маңызды, - деді Тегеранда дауыс берген Хаменеи.
Жоғарғы соттың төрағасы, 60 жастағы Эбрахим Раиси екі реттік президент мерзімін атқарған Хасан Роуханиді алмастырады деген болжам бар. Ал сарапшылар Раисидің 1988 жылы бірнеше мың оппозиционерді дарға асу ісіне қатысқанын алға тартты. Адам құқығын қорғаушылар Эбрахим Раиси адамзатқа қарсы қылмыс жасаған дейді.
Жаңалықтар
- Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне алып шықты
- «Жасанды Күн»: Қытай әлемдегі ең ірі термоядролық магнит жасады
- «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компания басшылары 7,7 млрд теңге сыйақы алды
- Алматы облысындағы ойын бизнесінен бюджетке 25 млрд теңге түсті
- Қостанайдағы интернатта 14 жастағы бала көз жұмды: Қызметкерлер аптап ыстық пен кондиционердің жоқтығына шағымданды
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр