"Нұрсұлтан, Отанымды жеме!". Алматыда алаңға жиналғандарды полиция қоршап алды
Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі мен 2011 жылғы Жаңаөзендегі мұнайшылар наразылығы құрбандарын еске алу шаралары өтіп жатыр. Қаладағы Тәуелсіздік монументінің және Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіштің жанына үш жүздей адам жиналды. Олардың арасында түрлі саяси топтың өкілі, қоғам белсенділері және қатардағы тұрғындар да бар.
Жиналғандар алдымен Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, марқұмдардың рухына құран бағыштады.

Содан кейін тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай сөйлеп, "Бұл - той тойлайтын күн емес, қасіретті күн. Бұл күні Желтоқсан және Жаңаөзен құрбандарын еске алуымыз керек. Тәуелсіздік күні 25 қазан - тәуелсіздік декларациясы қабылданған күн" деді.
Мамай бастаған Демократиялық партия өкілдері сөйлеп жатқанда өздерін "желтоқсаншылармыз" деп таныстырған бір топ адам олардың сөзін бөліп, басқа микрафонмен сөйлей жөнелді. Олар Жанболат Мамайға "саяси ұран айтпа, Тәуелсіздік күнін митингіге айналдырма" деді. Ал Мамай бастаған Демократиялық партия өкілдері оларды "биліктің арандатушылары" деп атады.





Демократиялық партия мен желтоқсаншылар өзара қырқысып жатқан сәтте алаңға "Oyan, Qazaqatan" қозғалысының белсенділері келді. Олар монумент маңына аялдамастан қала көшелерін ұрандата жөнелгенде, полиция жасағы оларды қоршап алды.
Қоршауда қалған қозғалыс белсенділері "Нұрсұлтан, Отанымды жеме!", "Ұмытылмас Желтоқсан, Ұмытылмас Жаңаөзен", "Ұмытпаймыз, кешірмейміз" деген ұрандар айтып жатыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық