Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан адамның үстінен іс қозғалды
Фото: ашық дереккөзден
Қасіретті қаңтар кезінде наразы жұрт Алматы облысындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан. Олар оны жүк тиегішке байлап, ескерткішті екіге бөлген.
Сол кезде еш түсініктеме бермеген жауапты органдар енді араға үш апта салып, ескерткішті құлатқан жігітке қатысты іс қозғаған. Бұл туралы Алматы облысында қоғам белсендісі Ержан Терлікбаев мәлімдеді.
«Қаңтар айында болған оқиға бойынша белсенді ауыл жастарын қудалап, ұрып-соғып, қатты әбіргерге салып жатыр. Қазіргі уақытта 17 баланы полиция ұстап әкетті. Олар әлі сонда жатыр. Қашып жүргендері де бар. Шаш ал десе бас алатындар ауылдың берекесін алып біті. Сол 17 адамның ішінде қатты соққыдан ауруханаға түскендер бар. Қапал ауылында Батырбай Қилыбаев деген азаматтың ұлы Азамат бұрынғы тұңғыш президент Назарбаевтың ескерткішін құлатқан кезде жүк көлігін жүргізген. Полиция қатты ұрғаннан қазір оның бір бүйрегі істемей қалған. Азаматтың қазіргі жағдайы өте ауыр, ауруханада жатыр. Карантин деген сылтаумен баласын көруге әкесін кіргізбей отыр» деді Терлікбаев.
Ол жас жігітпен бірге Қызылағаш ауылының жастары қамауға алынғанын айтты.
«Облыста ұсталған, ауруханаға түскен баласын көре алмай отырғандар көп. Оқиға кезінде Қапалдың бір баласы оқ тиіп, ауруханаға түсті. Бұл жігіттердің әрқайсысы бір-бір үйдің асыраушылары. Қазір оларды отбасылары күтіп отыр, малдары қараусыз тұр. Қаңтардың басындағы қаралы оқиғаның зардабын халық көріп отыр» дейді қоғам белсендісі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық