Нұрсұлтан Назарбаев ел басқару ісіне араласпайтынын айтты
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел басқару ісіне араласпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Елбасы режиссер Оливер Стоунге берген сұхбатында айтты.
Олардың айтуынша, сіз әлі де ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс пен экономиканы бақылайсыз, - деді Стоун Елбасыға.
– Неге бұл туралы айтады? Неге мұның халыққа, елге зиян немесе пайдалы екенін айтпайды. Тұрақтылыққа, дамуға, беделге септігін тигізетін болса, неге болмасқа? Неліктен әр ел өз стилін, өз жүйесін таңдай алмайды, - деп жауап берді Назарбаев.
Тұңғыш президент бұл ел басқару ісінен дәл уақытында кеткенін айтты. 2015 жылғы сайлауда ол 95% дауыс жинаған.
– Әңгіме мені президент ретінде мәңгілікке қалдыру туралы болды. Әрине, мен мұнымен келіспедім, мен мүлдем кеткім келді. Қауіпсіздік Кеңесінің, саяси партияның басшысы ретінде қалуға және сол арқылы еліміздің дамуына атсалысуға дайынмын. Біз мұнымен келістік, Конституциялық заң қабылдадық, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Елбасы қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті басқарып отырғанын атап өтті.
– Оның өкілеттігі Конституцияда көрсетілген. Мен оған араласпаймын. Мен кедергі болмаймын. Керісінше, мен оған қажет кезде кеңесші қызметін атқарамын, - деп қосты Назарбаев.
Стоун егер Тоқаев гипотетикалық түрде көрші елге қарсы соғыс ашқысы келсе, ал Назарбаев оған қарсы болса, Елбасының көзқарасы шешуші болады деп болжайды.
– Біріншіден, ол біздің Конституция бойынша мұндай мәселені бір өзі шеше алмайды. Мұны парламенттің қос палатасы, сосын Қауіпсіздік кеңесі таңдауы керек, - деді тұңғыш президент.
Оның айтуынша, алдағы 100 жылда Қазақстан ешкімге шабуыл жасамайды, өйткені елде мұндай ұмтылыс жоқ. Еске салайық, 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Ол 30 жылға жуық президент болды. Жаңа басшы болып Сенаттың бұрынғы спикері Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық