Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына бейнеүндеу жолдады
Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар айында болған жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады.
– Құрметті отандастар, ардақты ағайын! 2022 жыл халқымыз үшін күрделі де, қатерлі сынақтан басталды. Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан қылмысмтық топтар елімізде жаппай тәртіпсіздіктер орнатып, терористтік шабуыл жасады, – деп бастады Елбасы.
Назарбаев жақындары қаза тапқандарға көңіл айтты.
– Соның салдарынан бейбіт тұрғындарымыз зардап шекті. Қасіретті оқиға кезінде қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, – деді Назарбаев.
Сонымен қатар, Назарбаев қазіргі президент Тоқаевты қолдауға шақырды.
– Лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ. Мемлекет басшысын қолдау – баршамыздың азаматтық борышымыз, – деп қолдады Тұңғыш президент.
Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласынан ешқайда кетпегенін және «элитааралық жанжал» болмағанын айтты.
– Маған көптеген өтініштерге жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға байланысты мен 2019 жылы президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенімді және сол уақыттан бері зейнеткер екенімді, қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында құрметті демалыста екенімді және ешқайда кетпегенімді хабарлаймын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада президент «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл тақырыптағы қауесеттер мүлдем негізсіз. Менің 30 жыл бойы Отанымыздың атынан жұмыс істегенімді бәрі біледі, – деді ол.
– Ендігі кезекте осы оқиғадан сабақ алып, мұндай бассыздыққа жол бермеуге тиіспіз. Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде атқарған істеріміз аз емес.
Қазақстан әлемге танылған еңселі елге айналды. Ұлан-ғайыр шекарамыз түбегейлі бекітілді. Елімізде іргелі реформалар жүзеге асып, Орталық Азияда көш бастадық. Еуразия жүрегінде, Сарыарқа төсінде жаңа астанамыз бой көтерді. Бірлік барда ешбір жау сағымызды сындыра алмас, – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық