Нұрсұлтан Назарбаев Араб әмірлігіне көңіл айтты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шейх Хамдан бен Рашид Аль Мактумның көз жұмуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Orda.kz. Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Елбасы БАӘ (Біріккен Араб Әмірлігі) президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян мен БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мактумға көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
– Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым.
Осы қаралы күнде қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Сіздерге және барша Әмірліктер халқына көңіл айтамын.
Шейх Хамдан өзінің саналы ғұмырын халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Ол Біріккен Араб Әмірліктері құрылған уақыттан бері жауапты лауазымдарды атқарып, мемлекеттің гүлденуіне қосқан елеулі үлесі арқылы ел тарихында өшпес із қалдырған Отанының көрнекті перзенті. Сондықтан оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінен өшпес орын алатынына сенімдімін, - делінген жеделхатта.
РБК мәліметінше, шейх Хамдан Аль Мактум 75 жаста болған. 40 жыл бойы ол Дубайдың қаржы министрлігін басқарған, әмірліктің премьер-министрінің орынбасары болған, муниципалитет пен мемлекеттік компанияларды басқарған. Ол қазіргі Дубай билеушісінің үлкен ағасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық