Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсайтын ер адамның фотосы желіні шулатты
Әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсас ер адамның фотосы тарап жатыр.
Фотоға назар аударатын болсақ, көлік жүргізушінің бет әлпеті экс-президент Назарбаевқа ұқсайтынын байқауға болады. Осыған орай әлеуметтік желі қолданушылары «Елбасының жалғыз зейнетақыға күнін көре алмай, такси жүргізуші болып жұмысқа тұрды», «қазіргі кезде тіпті экс-президентке ақша табу қиын» деген пікірлерімен бөлісті.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше туысы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Елбасының немере інісі Қайрат Сатыбалды 13 наурызда аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ қаржысын жымқыру фактілері бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қамауға алынған Қайрат Сатыбалды Дубайға ұшпақ болған.
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды шымкенттік шенеуніктермен бірлесіп, Шымкентте нақты орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарына төленген 747 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланды.
Сонымен қатар, Қаржы мониторингі агенттігі Дариға Назарбаевның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлады деген айып тағып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсақ, 18 қаңтар күні Назарбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін алғаш рет үндеу жасады. Ол өзінің елден кетуі туралы қауесетті жоққа шығарды және наразылық ұйымдастырушылары Қазақстанның мемлекет ретіндегі тұтастығы мен негізін жойғысы келетінін мәлімдеді. Назарбаев Қазақстанның саяси элиталары арасында ықпал үшін күрес жоқ екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық