Қазақстанды нөлден бастап әйгілі мемлекет еттік – Нұрсұлтан Назарбаев
Сурет: rus.azattyq.org
5 шілде күні «Қазақстан» ұлттық арнасында «NUR-SULTAN. ҚОЛТАҢБА» деп аталатын деректі фильм жарық көрді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Сұхбатта Нұрсұлтан Назарбаев саяси тәуекелдерге бару себептерін, сонымен бірге елорда халқының болашақтағы шекті саны, келешекте қала тұрғындарына жасалатын игіліктер мен қала құрылысына қатысты жаңа жоспарлар туралы баяндайды.
Сұхбат басында журналист Ләззат Танысбай «Астанаға байланысты жоспарларыңыз түгел іске асты ма?» деген сұрақ қойды.
– Астананың құрылысы басталған күннен ойлайтын болсақ, қазірге дейін дүниежүзіне белгілі шаһар болды. Сарыарқаның төсінде осындай қала орнаттық. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қарай сәулетті, Еуропа мен Азияның архитектурасы әрі мәдениетін жинаған қала болып шықты. Осы қаланы салу үшін талай күш-жігерімді, ойымды салдым. Ел аралап жүргенде басқа мемлекеттердің ғимаратына көз салатынмын. Қаламыз келген адамдардың көз жауын алатын жақсы қала болып шықты, - деп жауап берді Елбасы.
Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев елорданың 20 жылдан бері махаббатына айналғанын, ойы мен арманы осы қалаға бағытталғанын атап өтті.
– Астана менің 20 жылдан бергі махаббатым. Ойым, өрісім, ішімдегі арманым бәрі осы қалаға бағыттылаған. Әрине, ең алдымен Қазақстан деп айту керек еді. Себебі, Қазақстанды нөлден бастап дүниежүзіне әйгілі мемлекет еттік. Еңсесін көтердік, белгілі болды. Қазақстанды қазір бәрі біледі. Тәуелсіз ел болды, барлық шекарасын шегендедік, жағдайының бәрін жасадық, нағыз мемлекет болдық, - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.
Нұрсұлтан Әбішұлы, 30 жылда жаңа мемлкет қалыптастырдыңыз, жаңа қоғам құрылды. Тәуелсіздіктің басты жетістіктері сіз үшін қандай?
– Ең басты жетістік – тәуелсіздік орнаттық. Тәуелсіздік орнату үшін елдің бірлігі, қолдауы керек еді. Сол бірліктен ажырамасақ, біз әлі талай биіктерді алатын боламыз. Біздің халқымыз, келер ұрпағымыз осы тәуелсіздікті бағалап, көзінің қарасындай сақтап қалатын болса, сол үлкен арманның орындалғаны болады. Мемлекет құрдық одан артық қандай арман керек. Маған осындай жүк артылды, халқым сенді, қолымнан келді, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Кезінде Астананы ұлттық идея деп жарияладыңыз. Бұл ойыңыз іске асты. Ендігі арманыңыз қандай?
– Егер арман болмаса өмір сүру қиын. 20-30 жылдан кейінгі Астананы келер ұрпақ көрер. Астана әрі қарай өсе береді, өркендей береді. Қала халқы 2-3 млн болып, үлкен қалалардың ішіне кіреді. Мәдениет, өнер, ғылым, мамандар үлкен қалаларда болады. Еуропа мен Азияның арасындағы үлкен қалалардың бірі болса, арманым сол. Балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз көреді. Әр нәрсенің нағыз бағасын беретін – уақыт. Адамның да, істің де бағасын уақыт береді, - деді Н. Назарбаев.
Жаңалықтар
- Қырғызстан Қазақстаннан жанармай жеткізуге қолдау көрсетуді сұрады
- Екі қалада ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері сотталды
- Үйдің іргетасы ауада ілініп тұр: Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды
- «Tarlan Astana» болып өзгертілген LRT–да өрт шықты
- Түркістанда сұмдық жол апаты болып, полиция капитаны қаза тапты
- Ақтөбеде ер адамды бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, көлігін біреудің атына рәсімдеуді талап еткен
- Қытайда Tesla Model Y өртеніп кетті: Li Auto жүргізушісі көлік иесін ажалдан арашалап қалды
- ҰҚК шекарашылары бір айда заң бұзған бес мыңнан астам адамды ұстады
- Мбаппенің рекордтық дублі Францияға жеңісті жұлып әперді
- 6 шілде – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні: Қазақстанның тұңғыш президентінің өмір жолы
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлау күнтізбесін бекітті
- 10 мыңнан астам сайлау учаскесі: ОСК Құрылтай сайлауына жеті партияны жіберді
- Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымы жетекшілерін қабылдады
- Түрген өзенінде су деңгейі көтеріліп, туристер эвакуацияланды
- Алматыда жертөледен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды
- «Көлік 3 минуттан кейін келеді»: Қазақстан жолдарында адам өмірін арашалап қалған такси жүргізушілерінің шынайы оқиғалары
- Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды
- Алматыда еріген қар суы сел болып ағып, көпірді жұлып, жолды шайып кетті
- АҚШ Қазақстанға тағы 37 миллиард доллар инвестиция салмақшы
- Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындарды алдын ала эвакуациялау басталды