Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қызылорда облысының жаңа әкімі болып Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды.
«Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын» делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Нәлібаев Бердібек Сапарбаевтың кіші інісі.
1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
- «Қазақойл-коммерс» ЖШС сарапшысы, «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары (1997-1998).
- «Standard Oil Base» ЖШС директоры, «Standard Oil Trading» ЖШС директоры, Standard Gas директорының орынбасары (1999-2002).
- «Шымкентторгсинтез» АҚ Қызылорда филиалының директоры (2002).
- «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС бас директоры (2002-2004).
- «ПетроҚазақстан» сауда үйі» ЖШС директоры (2002-2004).
- Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары (2005-2007).
- Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы (10.2007-02.2008).
- Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі (02.2008-2013).
- Қызылорда қаласының әкімі (02.2013-04.2021).
- ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі (04.2021 ж. бастап).
Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.
Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімін ауыстырған болатын. Бердібек Сапарбаевтың орнына Нұржан Нұржігітов тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық