Нұрлан Нығматулин вице-премьерге шүйлікті
Палатаның жалпы отырысында Қазақстан үкіметі үш жылдық республикалық бюджетті ұсынады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин вице-премьер Ералы Тоғжановқа депутаттардың сұрағына тура жауап бермегені үшін шүйлікті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Депутат Жәмилә Нұрманбетова вице-премьерге сұрақ қойған болатын. Оның айтуынша, қазір халықты қайта вакциналау туралы үкіметтің шешімі қабылданған, бірақ мақсат бойынша шығынға республикалық бюджет қарастырылмаған.
– Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды. Осы және келесі жылға қабылданған шаралар туралы хабарлағым келді. ДДСҰ ұсынымдары бойынша және 20-дан астам елдің тәжірибесін ескере отырып, біз үшінші онкүндіктен бастап халықты вакциналау туралы шешім қабылдадық. Бірінші кезекте алдыңғы қатарда екпе алғандар, жыл соңына дейін 100 мың адам қайта егумен қамтылады, келесі жылы 2 миллион адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанның барлық тұрғындары вакцинамен қамтамасыз етіледі, - деді өз жауабында Тоғжанов.
Мәжіліс төрағасын вице-министрдің жауабы қанағаттандырмады. Нұрлан Нығматулин Тоғжановқа қойылған сұрақтың сарыны басқа екенін мәлімдеді.
– Ералы Лұқпанұлы, сұрақ басқа болды ғой. Комиссияның қалай жұмыс істеп жатқаны туралы емес. Сұрақ тікесінен қойылды - ревакцинация үшін 2022-2024 жылдар аралығында алынатын вакцинаға республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Оны қандай қаражат есебінен сатып аласыздар? Қаражат резервтен алына ма? Неден?,- деп сұрақты нақтылады мәжіліс спикері.
Ералы Тоғжанов қайта егуге қаражат үкіметтік резервтен алынатынын айтты.
– Осылай айту керек. Содан кейін сіз айтқан барлық ақпаратты бәріміз білеміз. Құрметті үкімет мүшелері, осындай сұрақтарға тікелей нақты жауаптар беруді сұраймын. Дәрісті мұнда емес, басқа аудиторияларда оқу керек, - деді Нығматулин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық