«Нұрия» тұрғын үй кешені тұрғындары Талғар тас жолын жауып тастады
Фото: Іnstagram / kris_p_talgar
Сейсенбі, 28 желтоқсан кешке Алматыдағы Думан-2 ықшам ауданында орналасқан «Нұрия» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауыз судың үзілуіне наразылық білдіріп, Талғар трассасын жауып тастады. Оқиға орнынан түсірілген видеоны kris_p_talgar жариялады.
«Классика жанры. «Нұрия» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жолды жауып тастады. Су жоқ. Талғар трактісі, Бесағаш елді мекені. 22:00» делінген видеоның сипаттамасында.
Кадрдан адамдардың жолды жауып тастағанын көруге болады.
Желі қолданушылары тұрғындардың мұндай әрекетін сынға алды. Оларға келесі жолы әкімдік маңында жиналып, жұмыстан үйге асығып бара жатқандарды бөгемеуге кеңес берді.
«Сізге қызмет көрсететін әкімдік немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басып алыңыздар. Үйге асығып келе жатқан адамдардың жолын бөгеп, отбасы мен жақындарын көруге асыққандарды сағаттап кептелісте тұрғызу дұрыс емес» деді желі қолданушыларының бірі.
«Мен су жоқ екенін түсінемін, бірақ оған біздің не қатысымыз бар? Олардың кесірінен бәрі кептелісте тұру керек пе?» дейді енді бірі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық