Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер театр күзетшісін соққыға жықты
Нұр-Сұлтан қаласында полицейлер театр күзетшісіне шабуыл жасаған кәмелетке толмаған төрт жасөспірімді ұстады.
«102» арнасына кәмелетке толмағандардың Қонаев көшесіндегі театр күзетшісіне шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Polisia.kz хабарлағандай, мән-жайларды анықтау барысында сағат 18.30 шамасында 14-16 жастағы жасөспірімдер театр жанындағы алаңға скейтпен келіп, өз шеберліктерін көрсете бастады. Сырғанау кезінде оларға 40 жастағы күзетші жақындап, ескерту жасады.
Жасөспірімдер күзетшінің сөзін жауап ретінде елемей, балағат сөйлей бастаған және өз істерін әрі қарай жалғастыра берген. Осыдан кейін күзетші олардың заттары жатқан жаққа қарай бара жатқан. Сөмкесі мен скейтті алып, полиция шақырғысы келген. Бірақ осы сәтте жасөспірімдер оған шабуыл жасап, жан-жағынан соққы бере бастаған.
«Есіл» ауданы полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын полицияға жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайға «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция кәмелетке толмаған балаларды профилактикалық есепке алды. Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық