Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер жолы опырылып, ішіне түсіп кеткен
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде жаяу жүргіншілер жолындағы опырылған шұңқырдың бейнетүсірілімін жариялады.
Онда Тәуелсіздік-Қажымұқан көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында пайда болған тереңдігі бір метр болатын шұңқырды көруге болады.
— Мына шұңқырды көріп, не айтарымды білмей қалдым. Бұл қалай болғаны? Бұл өте қауіпті! Құдай сақтасын, балалар шұңқырға түсіп кетсе кім жауап береді?, - дейді әйел.
«Астана Су Арнасы» баспасөз қызметі 24 сәуірде сағат 17.08-де Тәуелсіздік және Қажымұқан көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолы бөлігіндегі кәріз коллекторы істен шыққандығын мәлімдеді.
— Бұл жағдай көлік қозғалысына кедергі келтірмейді, сонымен қатар жақын маңдағы тұрғын үйлер ауыз судан ажыратылмайды. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» авариялық топ қызметкерлері жаяу жүргіншілер жолындағы коллектор мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деді мекеме өкілдері.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық