Нұр-Сұлтанда вакцинацияға қарсы митинг басталды
bsh.kz
Нұр-Сұлтанда Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының алдында наразылық білдірушілер тобы жиналды. Олар COVID ауруын анықтауға арналған әр түсті QR кодтарының күшін жоюды талап етті.
Наразылық білдірушілер Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың алдарына шығуын талап етеді. Айтарлығы QR код жүйесін Денсаулық сақтау министрлігі емес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі енгізіп жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін адамдарды санаттарға бөлу үшін әртүрлі түстерді саралау бойынша пилоттық жоба жариялаған.
Бірінші кезеңде «Ашық» мобильді қосымшасын қолдана отырып, бірқатар қоғамдық ұйымдарда QR коды бойынша рұқсат жүйесін енгізу жоспарлануда.
Азаматтық белсенді Баян Мирас адамдарды түстерге бөлу азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзады дейді.
«Біз әртүрлі түстерге бөлінгіміз келмейді. Вакцинацияға сенбейміз, адамдар бұл екпені алуға міндетті емес», - деді белсенді.
Наразылық білдірушілерге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі Мақсат Төлегенов келіп, QR кодтары бар қосымшаның бизнес өкілдеріне қатысты болатынын және өз еркімен екенін түсіндірді.
«Бұл қосымшаның вакцинамен ешқандай байланысы жоқ. Бұл қосымша бизнеске шектеулі жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазір барлығында ауру белгілері байқала бермейді, симптомсыз адамдар да бар. Осы қосымшаның көмегімен мекеме иелері келушілердің жағдайын бақылай алады. Сондай-ақ ПТР сынағы оң болған жағдайда келушіні басқа кірушілердің қауіпсіздігі үшін мекемеге кіргізбей, оқшаулайды», - деп түсіндірді ол.
Ashyq мобильді қосымшасында «түрлі-түсті» мәртебелер берілген:
- Ауруханада жатқан коронавирусты науқастарға қызыл мәртебе беріледі. Оларды қоғамдық орындарға жібермейді.
- Ауру адаммен байланыста болғандарда сары түс болады. Оларға тек жақын маңдағы азық-түлік және құрылыс дүкендеріне, сонымен қатар дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.
- Көк мәртебе сізге ПТР сынағы қажет болатын жерлерден басқа жерлерге шектеусіз жүруге мүмкіндік береді.
- Жасыл түс қозғалысқа толық еркіндік береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық