Нұр-Сұлтанда парламент ғимаратына жиырмаға жуық ана келді

cover

25 қарашада Нұр-Сұлтанда жиырмаға жуық аналар парламент ғимаратына жиналып, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қазақстандық отбасыларға мемлекет есебінен баспана беру туралы өтінішпен билікке жолдаған үндеуіне қол жинады.

Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинге жолданған үндеудің авторлары заңнамаларға сілтеме жасай отырып, мүгедектерге мемлекеттік қолдауды кеңейту қажеттілігі туралы айтады.

Атап айтқанда, олар өздерінің үндеуінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 13-бабына сілтеме жасаған. Осыған сәйкес алғашқы екі топтағы мүгедектер де мемлекеттік тұрғын үй қорынан алып жатқан тұрғын үйге меншік құқығын ақысыз алуға құқылы. Сондай-ақ олар өз өтінішінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын көздейтін осы заңның 98-бабына сілтеме жасайды.

- Біздің көпшілігіміздің баспана кезегінде тұрғанымызға 10-15 жыл болды. Ата-аналарға арналған үйді жалдау құны адам төзгісіз, өйткені мұндай балалар ерекше күтімді қажет етеді», - дейді акцияға қатысушылардың бірі, белсенді Ақмарал Блялова.

Оның айтуынша, 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Дәурен Бабамұратов елорда әкімдігіне келген әйелдерге: «Бұл біздің құзыретімізге кірмейді», - деп, осы деңгейдегі мәселелер парламент қабырғасында қаралатынын айтқан.

Арнайы полиция қызметкерлері кездесуді шеттен бақылап отырды. Әйелдер жиналысы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатқан жерден алыс емес жерде өтті. Кейінірек қабылдау бөлімі олардың өтінішін қабылдады. Күндіз әйелдер парламент ғимаратында қалып, депутаттармен кездесуді талап етті.

Көп балалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейтуді және баспана мәселесін шешуді талап еткен наразылық акциялары өткен жылдың басынан бері өткізіліп келеді. Үкімет қызметкерлері баспана мәселесін бір күнде шешуге болмайтынын және билік мүмкіндігінше көмек көрсетіп жатқанын айтады. Алайда, кейбір отбасылар үкімет ұсынған тұрғын үй шын мәнінде мұқтаж адамдарға қол жетімді емес деп санайды, ал кезекке тұру өте қиын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар